АЯЗДАН ЕКІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

16:33, 12 қаңтар 2021

Синоптиктер алдағы күнде елімізде қатты аяз болатынын мәлімдейді. Сондықтан ақ халаттылар қарағандылықтарды абай болуға шақырады. Себебі, 30 желтоқсанда басталып, бір аптаға созылған қатты аяздан Қарағанды облысының 71 тұрғынын үсік алыпты. Оның 23-і ауруханаға жатқызылып, екі адам қайтыс болған

Ал жоғарыда айтылған 71 адамның 48-і үй жағдайында ем қабылдап жатыр. Төсекке таңылған 20-дан астам тұрғынның 12-іне түрлі деңгейде ота жасалыпты. Дәрігер бақилық болған екеуінің өмірін құтқару мүмкін болмағанын айтады.

Ерік ШОНБАЕВ, Х.Ж Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың  орталық меңгерушісі:

- Екі адам қайтыс болды. Біреуі аяздың шырқап тұрған кезінде үйден шығып кеткен. Ол моладан табылды. Моланың бсында бір тәулік бойы жатқан. Үстінде қысқы киім киім болған жоқ. бізге ауыр хәлде жеткізілді. Жасалған емге қарамастан қайтыс болды.

Екінші марқұм үсік алғаннан кейін дәрігердің көмегіне 7 күн өткеннен кейін ғана жүгініпті. Өзінің жарақаты соншалық ауыр екенін білмесе керек.

Ерік ШОНБАЕВ, Х.Ж Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың  орталық меңгерушісі:

- Тағы біреуі үсікті 7 күн бұрын алған. Бірақ үйінде жата берген. Ол да ауыр хәлде жеткізілді.  Жаслаған емге қарамастан қайтыс болды.

Сол себепті де ақ халатты мамандар үсік алғаннан кейін өз бетімен ем қабылдамауға кеңес береді. Суық адамның сүйегіне өтсе, оны үй жағдайында шығару мүмкін емес дейді. Ауруханада кешенді түрде емделу керек. Сықырлаған аяздан зардап шеккендердің тең жартысы алкагольді ішімдік қабылдағандар екен.

Ерік ШОНБАЕВ, Х.Ж Мақажанов атындағы көп бейінді аурухананың  орталық меңгерушісі:

- Үсік алушылардың 60 пайызынан астамы алагольді іщімдік өабылдағандар. Ішімдік ішкеннен кейін адамның өзін-өзі сақтау инстикті әлсірейді.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қатты аяздарда жолда, немесе далада қалғандар болған жоқ деп мәлімдеді.

Жанна ДӘУРЕНБЕКОВА, облыстық ТЖД ресми өкілі:

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар