АЯҚ АСТЫНДАҒЫ ҚАУІП

14:32, 13 наурыз 2019

Қарағандыда да құбыр қақпақтарының қолды болу әрекеті азаймай отыр. Бұл қала тұрғындары мен көлік құралдары үшін қауіпті. Тек өткен жылдың өзінде «Қарағанды Су» компаниясы осындай құқықбұзушылық салдарынан полицияға 80 рет арыз жазған. Бірақ қылмыс саны азаймай отыр

Ашық қалған кәріз құдықтары алдымен балаларға қатер тудырады. Тек соңғы уақыттарда Астанада 13 жасар екі бала аяқ астындағы ажалдың құрбаны болған.

Қарағанды Су мамандарының сөзінше өткен жылы 130-ға жуық канал қақпағы қолды болған. 80 мәрте арызда жазыпты. Аптасына кемі бір мәрте шойын қақпақтың жоғалғаны туралы хабар түседі. Оның үстіне, қолды болған жерді қалыпқа келтірсе, қолының сұғы барлар тағы да жоқ қылады екен.  

Айнұр АКЕЕВА, «Қарағанды су» ЖШС баспасөз қызметінің маманы:

-Қақпақт жоғалу фактісі бойынша біз полицияға шағымданамыз. Өткен жылы 123 қақпақ жоғалса, 2017- ші жылы 165 -і жоғалған.

Қолды болған темір - металл қабылдау орындарынан өзге жерге бармайды. Сорақысы, бұл құбыр беті екенін біле тұра оны қабылдап алатындар бар. Полициейлер биыл осындай 7 қылмысты анықтаған. Металл қабылдаушыларға да түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.   

Айдос ДОСАНОВ, ПД қылмыстық істер бөлімінің жедел уәкілі:

-Өткен жылы 140 іс тіркелді. Біз жан-жақты жұқмыс жүргізіп, жиі жоғалатын жерге күзетте қойдық. Металл қабылдайтындарды барып тексереміз. Олар темірді бөлшектеп барып өткізеді.

Ұрылар канализациялық люкпен қатар, оның ернеуінде жұлып алады. Бірақ баға сүйметін темірге неге сонша өш екені белгісіз. Кейбір металл қабылдаушылар әлгі люктерді ортасынан қаққа бөліп әкелсең аламыз деп отыр.

Бұл пысықай біздің люкті 2500-3 000 теңге көлемінде бағалап қажет болса, өзім алып кетемін деді...

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар