АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

16:39, 13 қыркүйек 2018

Қарағанды өңірінде жөнделіп жатқан көлік жолдарының 80 пайызы аяқталуға жақын. Алайда, кестеге сай жұмыстар жүргізіліп жатқанымен, ісіне салғырт қарайтын мердігер компаниялар да жоқ емес. Осы мәселені шешу мақсатында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары бірлесіп,жолдарды бақылаудан өткізді

Қарағанды облыстық және қалалық мәслихат депутаттары алдымен Қарағанды қалалық әкімдігімен алқалы отырыста жол мәселесін талқыға салды. Осы орайда, халық қалаулылары жөнделіп біткен аумақтан гөрі,  қатынауы қиын көшелерді назарға алған жөн екенін алға тартты. Нәтижесінде, қалалық мәслихат депутаттары  облыстық мәслихат депутаттарына бірнеше көшелерді бақылап шығуды ұсынды.

Бұл Пришахтинскі елді мекеніндегі Фин көшесі. 20 жылдан бері жөні түзу жолға жарымаған тұрғындар сан мәрте жергілікті әкімдікке көмекке жүгінген. Алайда, бюджетте қарастырылмаған участкені Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары бір жыл бұрын орташа қалыпқа келтіру жұмыстарын жасаған көрінеді. Енді, депутаттар облыстық мәслихаттан сессияда қаражат қарастыру ұсынысын құптап, аталған көше жолыныңжөнделуін сұрап отыр.

Назыр ҚОСУБАЕВ,   Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты:

-Жөндеу жүріп жатқан көшелерді тексеріп шығудамыз. Келесі сессияда барлық мәселелерді талқыға салатын боламыз. Комиссия толықтай жолдардың жасалуын анықтау үстіндеміз. Әсіресе, жолдары нашар шалғай көшелер басты назарымызға алынып отыр.

Мәслихат депутаттары мердігер компаниялардың бекітілген акті бойынша жұмысты дұрыс аяқтамай кететініне де  өкпелі. Депутат Ойрат Нұрқазов осыдан екі жыл бұрын өз ісіне жауапсыз қараған «Ислам.кз» компаниясының жұмысын сынға алды. Айтуынша, өткен жылы күллі депутаттар алдында уәдені үйіп төккен мердігер, жөндеу кезінде кеткен ақауларды қайта қалыпқа келтірмеген көрінеді. Биыл тағы, тендер жеңіп алғанына таңбыз деген депутат Ойрат Нұрқазов аталмыш компания жетекшісін сұрақтың астына алып, тағы сол қателікке жол бермеуін ескертті.

Думан ЖАНҒАБЫЛОВ,  мердігер компания директоры:

-Біз қазан айына дейін осында жұмыс жүргіземіз. Осы аралықта ескертені қайта қалыпқа келтіреміз. Жолдың үстіңгі бетін тегістеп өту жұмыстары қалды. Ол жағын реттейміз.

Жол сапасын тексерген депутаттар, қара тізімге енген мердігерлерді келешекте тендерге қатыстырмау үшін күш салмақ. Десе де, атқарылып жатқан жұмыстар да жетерлік. Мысалға, өңір бойынша 80 пайыз жөнделіп жатқан жолдар құрылысы аяқталуға жақын. Алда, тағы шеткері орналасқан көшелер қалыпқа келтірілмек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар