АВТОБЕКЕТТІҢ АХУАЛЫ

15:34, 15 қараша 2019

Шахтинск қаласының тұрғындары жергілікті автобекеттің жай-күйіне көңілдері толмайтынын айтып, арнаның жедел-желісіне хабарласты. Күн суытқалы бері мұндағы жағдай тіпті қиындай түскен

Осымен бірнеше жыл бойы жөндеу көрмеген ғимараттың бүгінде ішіне торғай қамасаң  тұрмайды. Аяздан аяқ – қолыңыз тоңады.. Тек кассалар ғана жұмыс істейді. Бұл қала тұрғындарының әбден наразылығын тудыруда.

Валентина СТЕПАНОВА, қала тұрғыны:

-Вот посмотрите, Міне жағдай тіпті қиын. Күн суытты. Осында тұрып автобус күтуге мәжбүрміз.

Жолаушыларға жағдай жасалмаған. Автобус жүргізушілер де мұнда асхана мен әжетхананың жоқтығынан қиындық көруде.

Александр СНИТКИН, көлік жүргізушісі:

-Бұрын мұнда барлығы да жұмыс істеп тұратын еді. Адамдар көп болып, ғимараттың жағдайы жақсы болатын. Қазір жекеменшікке өтіп кеткен.

Бұл мәселе қала әкімінің де назарына жеткен. Ол меншік иесімен кездесуінде, жағдайдың мән жайымен жете танысқан көрінеді..

Әнуар СӘМИЕВ, ТКШ - ның бөлім басшысы:

- Келеісімге келдік. Меншік иесі келер жылы жөндеуді толық аяқтамақ ниетте. Ол үшін банктен несие алып, ғимаратты қалыпқа келтірмек.

Автобекет ғимаратының меншікке өткеніне де 20 жыл уақыт болған. Оның қожайыны осымен 4 мәрте ауысыпты. Қазір ғимараттың төбесі жөнделген, оған шамамен 1 млн теңге қаржы кетіпті. Ал уәденің қалай орындалатынын уақыт көрсетеді!!!

Дәуренбей БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар