АУЫЛДЫ КӨРКЕЙТУ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

15:28, 20 қараша 2020

Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентінің жастарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы ерекше серпін берді. Еңселі елді мекен жастары мешіттің сәні мен сәулетін келістіруге сүбелі үлестерін қосуда. Мектеп түлектері мінәжат үйінің мұнарасын жаңартқан. Ауылының келбетін келістіруге көппен бірге атсалысып жүрген азаматтардың игілікті істеріне біздің түсіру тобымыз куә болып қайтты

Қызылжар кентінің тұрғыны Айдос Әбідқалықов кең болсаң, кем болмайсың деген позицияны берік ұстанады. Кеңпейіл азамат көп ойланбастан сауапты іс жасауды ұйғарады. Сөйтіп жеке кәсіпкер туған ауылындағы мешіттің ішіне 225 шаршы метр кілем сатып алып беріп, тегін тарту жасапты. Бұған жомарт жан 1 миллоннан астам қаражат жұмсаған.

Айдос ӘБДІҚАЛЫҚОВ, жеке кәсіпкер:

Келбеті күн санап көркейген кенттің атымтай жігіттері Алла үйінің сәнін келістіру жолында барынша серпін танытып жүр. Осы елді мекеннің 1965 туған азаматтары мешітке келген жамағаттың көзінің жауын алатын, құны 950 мың теңге тұратын люстраны сыйға тартып, өздері орнатыпты. Ал,  мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер  мінәжат орнының  мұнарасын қомақты қаржыға жаңартқан.

Дархан ҚОЖАНТАЕВ, Қызылжар кенті мешітінің имамы:

Қызылжар кентінде бағыты айқын бағдарламалар сәтті жүзеге асырылып келеді. Мемлекеттік бастамалардың арқасында ауыл көшелеріндегі жарық бағаналары қалыпқа келтірілген. Ал, қайырымдылық шараларына халық шет қалмай, қайта жұдырықтай жұмылып атсалысады. Бір ғана мысал, карантин кезінде жергілікті жұрт аймақтың аудан қалаларындағы медициналық мекемелерде ем қабылдап жатқан науқастарға тонналап қымызды тегін таратты.

Саят СӘЛКЕБАЕВ, Қызылжар кентінің әкімі:

Кенттегі тұрғындардың басым көпшілігі темір жолдың бойында жұмыс істейді. Тұрмысы тәуір, табысы тұрақты болғандықтан әлеуметтің әлеуеті әлді. Айта кетейік, Жаңаарқа ауданы бойынша биыл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүйелі түрде 14 жоба жүзеге асырылған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар