АУЫЛДАРДЫҢ АХУАЛЫМЕН ТАНЫСТЫ

17:52, 14 қазан 2016

Қарағанды облыстық мәслихат хатшысы Рысқали Әбдікеров Шет ауданының ауыл аймақтарын аралады. Халық қалаулысы 8 елді мекенге барып, өз сайлаушыларымен кездесті. Тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдап, мемлекеттік бағдарламалар бойынша жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өткен әлеуметтік маңызды нысандарды көріп қайтты

Облыстық мәслихат хатшысы алдымен Бұрма ауылында қайта қалпына келтірілген  мәдениет үйін назарға алды. Бұл нысан биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарынан өткен. Бюджеттен бөлінген 13 млн. теңгенің арқасында ғимарат төбесі ауыстырылып, үйірме кабинеттері мен  көрермен залы жаңартылған.  

Рысқали  Әбдікеров Бұрма ауылындағы жалғыз мектепке дейінгі мекеме «Айгөлек» балабақшасын көрді. 3-тен 6 жас аралығындағы балаларды қабылдайтын шағын орталық былтыр ашылған болатын. Білім ордасында қазір 40-қа жуық бала тәрбие алып жатыр. Кейін облыстық мәслихат хатшысы тұрғындармен кездесіп, ауылдың бүгінгі жаңалықтарын тыңдады. Жуырда елді-мекенде хоккей корты ашылып, балалар ойнайтын алаңдар салынады. Қосымша 2 шақырым ауыз су құбыры жаңартылмақ. Ал биыл  мемлекеттік бағдарлама көмегімен 1 километр 100 метр жол жөнделіп, көшелер жарықтандырылыпты.

 Ал Үңірек ауылындағы Шет орта мектебінде қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудандық әкімдіктен 20 млн теңге қарастырылып, бұл қаржыға ғимарат төбесі шатырланған. Облыстық мәслихат хатшысы мұндағы сайлаушылармен кездесіп, өтініш тілектерін тыңдады.  

 Ал Сәкен Сейфуллин кентінде өткен  кездесуде тұрғындар бірқатар мәселелерді алға тартты. Елді-мекендегі жол және екі көпір жөнделіп, көше жарықтандырылып, Жидебайбатыр Қожаназарұлының мазарының аумағына күннен қуат алатын шам қойса деген ұсыныстарын білдірді тұрғындар.Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов тізбектелген бұл проблемалар өз шешімін табады деп сендірді. Себебі ауданға биыл облыстық бюджеттен 800 млн теңге бөлініпті.

 Бұл атқарылған жұмыстар облыстық мәслихат хатшысының назарында. Себебі Рысқали Әбдікеров бұған дейін Красная Поляна, Дария, Ақой, Батық ауылындағы жөнделген әлеуметтік маңызды нысандарды аралап шыққан болатын. Халықпен кездесу барысында қордаланған проблемаларын тыңдап, оны шешудің амалдарын ойластырып жатқандығын атап өтті.

Облыстық мәслихаттың хатшысы  Рысқали Әбдікеров алдағы уақытта  енді Шет ауданындағы ..... өңірлерін аралап

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар