АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҒЫЛЫМНЫҢ ПАЙДАСЫ

16:40, 19 тамыз 2019

Арпа сұлы және көпжылдық шөптер.Осының барлығы Бұқар жырау ауданына қарасты Центральное ауылының егіс алқабында өсіріледі. Бұл аумаққа егілетін дәнді-дақылдар жерсінбейді.Соның нәтиежесінде аста–төк өнім алынады

Егіс алқабының аумағы ауқымды. Мәселен мына жапан даладағы  10 мың гектардан астам жерге  дәнді-дақылдар егіледі. Ал  Христенко атындағы тәжірибелі станцияның мамандары астықты көктемде сеуіп, күзде жинайды.Осылайша өсімдіктер  Орталық Қазақстанның құбылмалы ауа -райына тез бейімделеді.

Шағурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

- Кез-келген күн  райына қарамастан мол өнімі алу керекпіз. Астық түрінің бізде көптеген сорттары себіледі.Бидай арпа, сұлы және басқада жемшөптік дақыдар.  Қазір мал шаруашылығы  дамудың даңғыл жолына түсті.

Алайда биылғы жаздың қатты ыстық болғаны белгілі. Аңызақ жел тұрып, жаңбыр жиі жаумады.Мұндай жағдайда майталман мамандар бірден ғылымның көмегіне жүгінді.  Егіс алқаптарына   соңғы технлогиялар, жаңашыл дәрі-дәрмектер пайдаланылды. Олардың арасында Ерқанат Жақыповтың препараттары да  бар.Ол көптеген  артықшылықтарға ие биотыңайтқыш шығарады.

Ерқанат ЖАҚЫПОВ, кәсіпкер:

-  Тыңайтқыш минералды тыңайтықышты алмастыра алады деп нық сеніммен айта аламын. Яғни өсімдіктерге  әр түрлі ауруларға қарсы иммунитет береді. Бұл гектардың көлемін  30 пайызға дейін арттыруға көмектеседі.

Бұқар жырау ауданына қарасты Центральное ауылының алқабында   осы жылы бірқатар сынақ жұмысы өткізілген.Бұдан бөлек бидайдың сан түрінен сынама алынды.  Христенко атындағы  станцияның  тәжірибесін  облысымыздың шаруалары қуана қабылдап, құптауда.

Сағынжан АПАҚАШОВ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Ең басты көрсеткіштерге ғылымның арқасында қол жеткізіп отырмыз. Бір жағынан  шарулар жаңа сұрыптарды егуді үйреніп,озық технологияларды пайдалануда.Игілікті іс  ауылшаруашылығы үшін өте тиімді. 

Сонымен қатар Центральное ауылында «Орталық Қазақстанның құрғақ аймағында  дәнді- дақылдарды өсірудегі  отандық және шетелдік сұрыптардың тиімділігі» тақырыбында жиын өтті.Шараға  ғалымдар мен аймақтың шаруа қожалық жетекшілері және аудандық әкімдік өкілдері қатысты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар