АУЫЛ ХАЛҚЫ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

13:44, 16 сәуір 2019

Қарағанды қаласының іргесінде орналасқан Үштөбе ауылының халқы бүгін сенбілік өткізді. Тазалық шарасына ауылдың тайлы-тұяғы қалмай, түгел қатысты. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қолдарына күрек, сыпырғы алып, ауыл ішін қыстан қалған қоқыстан аршыды. Қазір мұнда 5 мыңға жуық халық тұрады. Оларға сенбілік өтетіні туралы әлеуметтік желі арқылы хабарланған. Тұрғындар игі бастаманы бірден қолдады. Бұған қоса ауыл жастары жақын маңда автобан салып жатқан компаниялармен келісіп, қиыршық тас сұрап алған. Ауыл ішінің жолдарын да өз күштерімен тегістеп, жөндеп жатыр. Халықты осындай бірлікке ұйытып отырған ауылдағы мешіт екен

Жандос НЫҒМАН, Үштөбе ауылының тұрғыны:

-Ислам дінінде тазалық бес түрге бөлінеді екен. Ең бірінші жүрек тазалығы, екінші ой тазалығы, үшінші тіл тазалығы, төртінші дене тазалығы және бесінші адамның өзінің тұратын ауласы, маңайын таза ұстау. Осы нәрсені біз алдыға ұстап, мамыр айында Рамазан айы басталады, соған дейін ауылымыздың тазалығына үлкен көңіл бөліп, соған ақсақалдарымызды, жастарымызды жұмылдырып, осындай шаруаны бастап жатырмыз. 

Сәуле АРТЫҚБАЕВА, Үштөбе ауылының тұрғыны:

-Мен бұл ауылда 22 жыл өмір сүремін. Әрине, ауылдың тазалығы біз үшін өте маңызды. Өйткені ауылдың келбеті ол біздің бет-аузымыз, бет келбетіміз ғой деп мен ойлаймын. Ал жалпы біздің ауылдың жастары өте белсенді. Белсенділіктерін көрсетті. 

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар