АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ

15:44, 10 қазан 2019

«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл Нұра ауданында 6 жоба жүзеге асырылды. Тың бастаманың қызығын бірінші болып аудан орталығы Нұра кентінің тұрғындары көріп жатыр. Әлеуметтік маңызды нысандар жөнделіп, жолдар қайта қалпына келтіріліп, көшелер жарықтандырылды

Нұра кентіндегі өнер мектебінің ұжымы жұмыс істеген  ескі ғимараттың бұрыңғы сыйқы осындай еді. 20 жыл күрделі жөндеу көрмеген нысанның  келбеті биыл   2 ай ішінде  былайша рең берді.   «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы бойынша бос тұрған қос қабатты зәулім ғимарат күрделі жөнделіп   балалардың игілігіне берілді. Кең әрі жарық мектепте  165 бала үшін  бейнелеу өнері, флейта, фортепияно, домбыра, хореография тәрізді  6  үйірмеге келеді.

Ләззат БАЛТАБАЕВА, өнер мектебінің директоры:

-Біздің мектеп қос қабатты, өте жылы жарық, әрі кең. Бұрын барлық оркесторлар үшін тар болатын. 41 млн теңге бөлініп, ғимарат толық қайта қалпына келтірілді әрі ауласы аббаттандырылды. Мұның барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ауыл ел бесігі» бағдарламасының арқасы. Осындай ерекше көңіл елді мекендерге бөлінетіні қуантады.

Бағдарлама аясында Нұра кентіндегі  жергілікті стадион да толық жаңартылды. Футбол алаңында жасанды көгал төселіп,  жүгіру алаңдары жөнделген. Сондай-ақ қыста шынығатын залдың қабырғасы жылытылып,  шатыр ауыстырылған. Мұнда салауатты өмір салтын ұстанатын жасөспірімдер футбол, бокс, күрес, номад, спорт түрлері бойынша шынығады. Бұл игілікті істер  аудан спортының дамуына ықпал етеді дейді бапкерлер.

Ержан СМАЙЫЛОВ, бапкер:

-Көп жыл ремонт жасалмап еді, соны жаңартып стадионымыз көркейіп қалды. Стаджион жаңартылғаннан бері жақсы болды жарыстар үйымдастырып жатырмыз. Күннің суықтығына қарамастан келіп дайындалып жатыр. Рахмет деп айтамыз.

Жалпы аталған бағдарлама аясында биыл Нұрада 6 жоба жүзеге асқан. Ол үшін республикалық бюджеттен 450 миллион теңге бөлініпті.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Бұл тың бастама аясында Нұра кентіндегі жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылған еді. Дәл қазір мына орталық саябақ қайта қалпына келтіріліп жатыр. Естеріңізге саламыз Елбасы Үкіметке Ауыл ел бесігі жобасын жүзеге асыруды тапсыры, оған 90 милиард теңге қаржы бөлуді жоспарлаған еді. Бұл бағытта Нұра ауданы әкімдігінің жоспары жетерлік.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар