«АУЫЛ БЕРЕКЕ» ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛАДЫ

16:49, 14 қыркүйек 2020

Дәстүрлі күзгі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі - қалалар мен аудандарда қазаннан қарашаға дейін жоспарланып отыр. Қала тұрғындары көкөніс, ет және басқа да өнімдерді қолжетімді бағамен ала алады. Бұл туралы облыс әкіміне онлайн режиміндегі аппараттық кеңес кезінде айтылды.

Карантин жағдайында байланысты жәрмеңкелер  ауыл шаруашылық өнімдерін сату санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Сағынжан АПАҚАШОВ, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Облыста жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы санитарлық қызметтер ұсынған барлық шараларды сақтай отырып, қазан айында басталады. Сондай-ақ, біздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкелерге қатысады. Кесте бойынша біздің облысымыз 3-4 қазан күндері өнім керуенімен елордаға барады.

Аймақ басшысына әлеуметтік маңызы бар азық - түлік бағасын тұрақты ұстап тұру шаралары туралы айтылды. Ауыл шаруашылық мамандары тұрақтандыру қорында 3000 тоннадан астам картоп, сәбіз - 787 тонна, қырыққабат - 228 болатынын айтты. Жергілікті кәсіпорындар өз өнімдерін белгіленген бағамен сатады. Сонымен қатар, тұрақтандыру қоры ұн, қант, қарақұмық, күріш және өсімдік майымен толықтырылған.Ал  кәсіпкерлер азық-түлік сатып алу үшін, қарыз ала алады.Бұл үшін  арнайы қаражат бөлінген.

Сондай-ақ, жергілікті тауар өндірушілермен азық-түлікті белгіленген баға бойынша жеткізу туралы меморандумдар ұзартылды. Бұл сүт, макарон,жұмыртқа өнімдерін арттыруға арналады. Әлеуметтік павильондар мен  дүкендерде және супермаркеттерде   жергілікті өнімдер нарық бағасынан төмен бағамен сатылады. Сондай-ақ ауыл шаруашылық мамандары Облыста әлеуметтік маңызы бар  азық-түліктің  14 түрі өндірілетінін айтты.Оған халықтың сұранысы жоғары болса да сату құны өспейтінін түсіндірді.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар