«АУЫЛ БЕРЕКЕ – 2019» ЖӘРМЕҢКЕСІ

15:52, 8 қараша 2019

«Ауыл береке-2019» жәрмеңкесі облыс орталығында әлі жалғасын табуда. Қарашаның тоғызы күні игілікті шара аясында қала тұрғындары қажетті тағам түрлерін тиімді бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл күні көпшілікке аймақтың аудан – қалаларынан әкелінген табиғи – таза өнімдер ұсынылады

Ұйымдастырушылар азық-түлік бағасы нарық құнынан  біршама төмен болады -деп уәде беруде. Жәрмеңке «Шахтер» стадионы маңындағы Олимпийская көшесінің үлкен алаңында өтеді.

Аталған мекен-жайға № 45, 145, 70, 28, 73 және 55автобустармен жетуге болады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар