АУЛАНЫҢ КӨРКІ - ШАҺАРДЫҢ АЖАРЫ

16:46, 4 мамыр 2019

Саран қаласының әкімдігі тұрғындарды сенбілікке тарту мақсатында тың әдістер пайдалана бастады. «Ең таза аула», «Тату –тәтті көршілер», «Біз біргеміз» - деп аталған атаулар бойынша ең үздік аулаларды анықтап, олардың алаңдарына спорт және балалар алаңдарын салып бермек. Тың жоба нәтижесін беріп, қала тұрғындары бірінен-бірі асып түспекке, тазалыққа кіріскен

Бұл Саран қаласының бірінші ықшам ауданындағы аулалардың бірі. Төрт  бес қабатты үйдің ауласында бірде-бір балалар алаңы жоқ. Сондықтан, Пәтер  иеленуші  кооператив төрайымының бастамасымен  тұрғындар бірігіп алаң тазалығына кіріскен. Мақсат айқын. Әкімдіктің  шарапатын иелену,яғни аулаға балалар алаңын салғызу.

 Татьяна ВАЛЯЕВА, «Надежда» ПИК төрайымы:

-Осы аулада тұратын тұрғындар «Таза қала» акциясын қолдаймыз деп шештік. Біздің қаланың тазалығы біздің қолымызда. Сондықтан қыстан қалған  қоқыстарды түгелдей шығарып жатырмыз. Әрі балалар алаңы салынады деп үміттенеміз.

Сенбілікке жастармен бірге  «Жасыл ел» жасақтары да қатысты. Бүгін олар қала әкімімен бірігіп, 40 түп қайың көшетін отырғызды  Шара негізінен Саран қаласының 65 жылдығы мен Ұлы жеңіс күні мерекесіне орай өткізілді 

Айдын МҰХТАР, Саран қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімінің бас маманы:

-Бізде ағаш отырғызып жатырмыз. Бүкіл сенбіліктен кейін қортынды жасап, футбол алаңы, балалар алаңын салып береміз.

Қаладан шығарылған қоқыстың барлығы шахар сыртындағы полигонға төгіледі.  Сенбілікке 50- ге жуық кәсіпорын мен шағын бизнес өкілдері тартылды.  Мұндағы2 айлық сенбілік аясында 10-ға жуық рұқсат етілмеген қоқыс полигондары тазаланып, қаладағы 8 бірдей саябақты көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар