АУЛАЛАР ЖӨНДЕЛУДЕ

16:42, 16 қыркүйек 2020

"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында Қарағандыда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осыған орай,қалалық мәслихаттың депутаттары Октябрь ауданында жөнделіп жатқан аула жұмыстарын тексеріп қайтты

Бұл- Майқұдық елді-мекеніндегі шағын   аулалардың бірі. Мұнда жаңа асфальт төселіп, орындықтар және балаларға арналаған ойын алаңқайлары жасалған. Бүгінде осындай 61 аула жөнделуден өткен. Октябрь ауданының әкімі Мейрам Қожықовтың айтуынша, аумақты абаттандырумен өз жұмысына жауапты қарайтын   мердігер компания айналысқан.

Мейрам ҚОЖЫҚОВ, Октябрь ауданының әкімі:

- Біз ауланы қабылдаудың соңғы актісіне тұрғындармен жиын өткізгеннен кейін қол қоямыз. Мердігер бәрін жасап біткеннен кейін  тұрғындармен жиналыс өткіземіз.

Алайда, кейбір мердігер компаниялардың жұмысына тұрғындардың көңілі толмайды. Атап айтқанда "Лидер-строй" фирмасы кестеге сәйкес, 1 қыркүйекте Көгілдір тоғандағы шағын ауданның ауласында жаңа асфальт, жол жиектер мен орындықтар орнатуға уәде берген.Өкінішке орай, оның бірі де байқалмайды.

Ал мына  аулада жағдай тіптен мәз емес. Мұнда құрылыс жұмыстары әлі басталмаған. Мердігер компания өкілдері тұрғындар мен аудан билігіне  абаттандыру жұмыстарын жасап жатырмыз деп ақталды.Бірақ бұл жерде олардың сөзіне дәлел болатын ешқандай құрылыс материалдары, арнайы техникалар  мен жұмысшылары көрінбейді.

Мердігер көшпелі комиссияға ағымдағы жылдың қараша айына дейін аулаларды абаттандыруды аяқтауға үлгеретіндіктеріне сендірді. «Олар қыркүйек айының соңына дейін асфальт төсеп, ал қалған жұмыстарды қазан айында тапсырамыз» деп-, ант-суларын ішті.

Жәнібек ЫСҚАҚОВ,  мердігер компанияның өкілі:

-Асфальттың бір бөлігін ертеңнен бастап жасай бастайды. Ол үшін бәрі дайын және толығымен аяқталады. Ал жарықтандыру тетіктерін содан кейін жасаймыз.

Депутаттар жұмыстың мұндай салғырт жасалуы технологиялық тұрғыдан сапасыз болуы мүмкін деп алаңдаулы.

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Бұл үлкен проблемаларға әкеледі.Енді осыдан кейін  жасалған жұмыстардан шикілік шығады.Өйткені асығыс жасалған дүниеде ешқандай сапа болмайды.

Мәслихат депутаттары мердігерлер жұмысты уақытылы орындауы үшін келісім шартқа өзгертулер енгізіп, мемлекеттік сатып алуға қатысатын ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту қажет деп санайды. Сондықтан халық қалаулылары аудандық әкімдікке мәслихатқа өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар