АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛУДА

15:34, 25 қыркүйек 2020

Биыл Шет ауданында жаз бойы бір қатар ауқымды істер атқарылды.Әсіресе әлеуметтік сала мен инфрақұрылымға ерекше көңіл бөлініп отыр. «Ауыл ел бесігі» және «жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары бойынша 22 жоба қабылданып, аудан орталығында жарық шамдары орнатылып, көп қабатты үйлердің қасбетімен шатырлары жөндуден өткен

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша Ақсу- аюлы,Ақжал елді мекендерімен бірқатар ауыл аймақтарда үйлердің қасбеттері және шатырлары ауыстырылды. Жарық шамдарымен тротуар төсеу және электр линияларын жаңарту, жылу жүйесін қалпына келтіру жұмыстары уақытылы жүзеге асқан. Коммуналдық саланы дамытуға  700 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Дархан СМАЙЛОВ, ТКШ және автокөлік жолдары, жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы:

-Бұған дейінде біраз жұмыстар атқарылды. Кейінгі жылдары автомобиль жолдарына көңіл бөлініп тыр. Келесі жылы аудандық маңыздағы жолдарды асфальттау жұмыстарына қазіргі уақытта құжаттары рәсімделп дайндалуда. Сол сияқты ішкі жолдарды көшелерді жөндеу жұмыстары жалғасатын болады.

Аудан орталығында көлік инфрақұрылымын жақсарту жылдан жылға артып келеді. Мәселен, биылғы жылы Ақсу-аюлыда «ауыл ел бесігі» жобасымен төрт көшенің жолдары орташа жөндеуден өткізіп пайдалануға берілді.  Жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайтын көшелердегі жолды ретке келтіруге 406 млн теңге қаржы бөлінен.

Ертай ЖӘНІБЕКОВ, Ақсу-аюлы ауылының тұрғыны:

-Мына Шортанбай атындағы көше біздің басты орталық көшеміз. Енді жолымыз түзу түнде жарық шамдары жарқырап тұрады. Осында 50 жылға жуық тұрамын сол себепті жылдан жылға көркейіп келе жатқан ауданымызға куәгермін. Биыл көп жұмыс жасалғаны анық көрініп тұр. Тіпті елеусіз жатқан кішкентай көшелерімізде жөнге келді. Ауыл тұрғыны ретінде дән ризамын.

Көктемгі су басудың алдын алу мақсатында аудан көлемінде 3 көпір, 21 жердің суағарлары қалыпқа келтірілген.Мәселен,аудан орталығына іргелес орналасқан Ақтөбе ауылындағы мына көпір көп жылдан бері көпшіліктің мәселесіне айналған еді. Жақында жөндеу көріп жаңадан салынды.

Кәріғұл ЫСҚАҚОВ, Ақтөбе ауылының тұрғыны:

-Әрі бері өту қиын болып тұр еді. Міне, биылқолға алынып жақсы жөнделді. Жан-жағының қамысы талы тазаланды. Раххметтен басқа айтарымыз жоқ. Тағы бір жақсы жаңалық естіп жатырмыз ауданға дейінгі 14 шақырым жол жөнделмекші. Ол қолға алынса тіптен жақсы болар еді.

Жүргізілген жұмыстардың сапасы әрдайым бақылауда.Кепілдік уақытыда талапқа сай ескеріліп отыр. Жөндеуге қажетті құрылыс материалдары отандық өнім берушілерден алынған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар