АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

15:29, 8 ақпан 2019

15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл. Осы орайда, әскери – интернациояналдық міндетін орындап, бейбітшілік үшін күрескен батырлардың бірі Александр Финдюк. Бүгінде шахтада еңбек етіп келе жатқан кеншінің Ауғанстанда жасаған ерлігі айтуға тұрарлықтай.

Тарихқа үңілсек, 1989 жылдың 15 ақпаны күні генерал-лейтенант Борис Громов Кеңес одағы мен Ауғанстан шекарасына келеді. Осы тұста әскери қолбасшы Әмударияның көпірі үстінде тұрып, журналистерге айтқаны сөзі көптің есінде.

Борис ГРОМОВ,  Кеңес Одағының батыры:

-Ауған жерінде 9 жыл ішінде болған жауынгерлерге ескерткіш орнату қажет. Олардың ерлігі ел жадында мәңгі қалуы тиіс. Батырлыққа тән қасиетпен жеңіске деген құлшынысты барлығының да бойынан байқауға болады.  

Александр ФИНДЮК,   Ауған соғысының ардагері:

-Біз рейдке жиі шығатынбыз.Әскери полкке жарты жылда бір келіп тұратынбыз. Сапымыз қашанда айбарлы жігіттермен толығып отыратын. Бұл әрине  борышыміздың бір парасын ғана еді.

Жастайынан әскер қатарына алынған Александр Финдюк  араға 2,5 ай салып, Ауғанстан жеріне өз міндетін өткеруге аттанады.  Отыз жыл өтседе алғашқы әскери тапсырманы орындаған сәті әлі күнге дейін көз алдында. Александр Николаевич сол тұста, қатты жарақат алмаса да, көліктің өртенуі кезінде аяғын күйдіргенін де еш ұмытпайды.  

Александр ФИНДЮК,  Ауған соғысының ардагері:

-Әлі есімнен кетер емес. Ол жерге  бізді түнде алып келді.Содан көлікке мінгізіп, полкке жеткізіп тастады. Әрқайссымызды бойымызды өлшеп, жеке-жеке ротаға жіберді. Дегенменде сол кездегі солдаттардың болмысынан   нағыз патриоттық белгісі байқалып тұратын. Ал қазір керісінше армия десе жастар ат тонын ала қашады.

Александр Николаевич әскери міндеттен соң, «Шахтинская» кенішінің тау-кен қызметшісі болған. Кейін, электр дәнекерлеуші болып еңбектеніп, осы салада 20 жетекшілік жолында тер төгуде. Ол осы уақытқа дейін ауған соғысында бірге болған қатарластарымен байланысын үзбеген. Айтулы мерекелік күнді де барынша бірге атап өтуге тырысады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар