АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІ

13:29, 3 қыркүйек 2019

Қазына қаражатын тиімсіз пайдалану, қаржылық және басқа да заң бұзушылықтар.Облыстық тексеру комиссиясының өкілі журналистерді бақылаушы органның жұмысымен таныстырды.Жыл басынан бері мамандар 60-қа жуық мемлекеттік нысанда аудит жүргізген

2019 жылы мамандар 58 нысанда аудит жүргізген.Олардың арасында аурухана мен полиция департаменті,мектептер балабақша,басқармалар және әкімдік  бөлімдері бар. Қарағанды облысы тексеру комиссиясының өкілдері 4 миллиард 366 миллион теңге сомасындағы заң бұзушылықты анықтаған.Баспасөз мәслихатында аталған сала қызметкерлері бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбеген және мемлекет қаражатын тиімді пайдаланбаған деректерді тілге тиек етті.   

Аян ТАХАНОВ, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:

- Біз Қарағанды бойынша  ауқымды аудит жүргіздік. Негізгі сома  облыс орталығынан  белгілі болды. Атап айтсақ, тексерілген материалдар құқық қорғау органдарына берілді.Құрылыс және Тұрғын үй коммуналды шаруашылық бөлімдерінен құқық бұзушылық шықты.

Брифинг барысында Аян Таханов  журналистерді өткен жылда аудит нәтижелерімен таныстырды.Былтыр заң бұзушылық  сомасы 15 жарым миллиард теңгені құраған.Тексеру комиссиясының мамандары  облыстық бюджеттен бөлек, республикалық қазынаның орындалуын бақылайды.

Аян ТАХАНОВ, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:

-Қаржылық заң бұзушылықтар 11 миллиард 733 миллион теңге шамасында. Бұл бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын бермеу, бухгалтерлік есепті жүргізу тәртібінде кеткен кемшіліктер. Сондай-ақ 1 миллиард 677 миллион теңге сомасында жіберілген қателіктер жеткілікті. Яғни  жүйесіз жоспарлау және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылады.

Облыста мемлекеттік нысандарды тексерумен Қарағанды облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі де айналысады. Алайда тексеру комиссиясы олардың жұмысын қайталамайды, деп сендірді Аян Таханов.

Аян ТАХАНОВ, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:

-"Мемлекеттік аудит туралы" Заңға сәйкес мемлекеттік аудит жүргізуге жататын субъектілер тізімі алдын ала бекітіледі. Мысалы, қазір 2020 жылға тізім бекітілуде. Біз тізімді құрудамыз және мемлекеттік аудиттің жоғары органы болып табылатын Есеп комитетіне жібереміз.

Ал  аудит қорытындылары  бойынша аудан, қала әкімдері мен жетекшілерге  нұсқама жібереді, деп атап өтті тексеру комиссиясының мүшесі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар