АУДАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ТЫНЫСЫ

16:39, 29 маусым 2020

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламсын іске асыру және өңірдегі эпидемиологиялық ахуал. Бұл қос мәселе, Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалиновтың журналисттермен өткен онлайн брифинг барысында басты назарға алынды

Жер жаһанды жайлаған қауіпті індеттің ілмегіне ілінгендер саны азаймай отыр.  Бүгінгі таңда Бұқар жырау ауданында вирусты жұқтырғандар саны 162-ге жетті..  349 тұрғын оқшауланған.  Аталмыш вирус салдларынан 9 адам көз жұмды.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

-Ауру белгілері жоқ 39 науқас қашықтықтан бақылауда. 8 адам Қарағанды қаласында провизорлық госпителде. Жеңіл формамен, үй карантинінде 67 адам.Жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған 470 адам. Олардың 121-нен тес алынды. Ауру тіркелгелмеген соң, карантиннен шығарылды. бақылауда 349 адам.

Өзге өңірлердегідей  Бұқар жырау ауданында да ахуалды ұдайы жіті назарға алып отырған мобильді топ жұмысы бір сәтте тоқтаған емес. Қазіргі уақытта 32 аталмыш топ жұмыс жасауда.  Олар өңірдегі қоғамдық объектілердің жұмыс барысын қадағалап отырады. Бүгінге дейін  орта және шағын кәсіпкерліктің  667 нысанын тексерді. Нәтижесінде, 5 әкімшілік хаттама толтырылып, 5 жеке кәсіпкерге ескерту жасалды.  Көше базарларының жұмысы уақытша тоқтатылды.  Күн сайын  жалпы ауданы 40 мың шаршы метрден астам қоғамдық орындарға залалсыздандыру жұмыстары жасалуда.  Сондай-ақ, аудан басшысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы"мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы жайына да тоқталды.   Аудан әкімінің айтуынша, ауылдарда  тұрғындарға берілетін су құбырының құрылысы алда  оң шешімін табатын көрінеді.. 

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

- Биыл 8 ауылдарға су құбыры, оның ішінде 4 ауылдарға су құбыры жаңадан салынып жатыр. Ол міне, көптен бері халық тарапынан сұрап жүрген шешенқара ауылы және жаңақала ауылы. Онда жаңадан су құбыры салынып жатыр.

Онлайн бриффинг барысында Шагурашид МАМАЛИНОВ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысына кеңірек тоқталды. Ағымдағы жылы Ботақара кентінің аула алаңдары абаттандырылады. Оған жалпы құны 100 миллион теңге бөлінген.  Бұл орайда, электр қуаты мен жол торабы  жөндеу  көрмек. Нәтижесінде 363 жұмыс орыны құрылды. Оның 186-сы бағдарлама шарапатын жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы көріп отыр. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар