АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

17:22, 16 қазан 2020

Бұқар жырау ауданында тұрғын үй жетіспеушілігі мәселесі өзектілігін біртіндеп жоюда. Бұл бағытта аудан орталығында «Жастар» шағын ауданы пайда болады. Аймақ басшысы ауданға жұмыс сапары барысында бой көтеріп жатқан баспаналардың құрылыс қарқынын көріп қайтты

Бұқар жырау ауданында ілкімді істер ілгерілеуде. Мәселен, Ботақарада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бірден 120 пәтерлік екі қабатты тоғыз үй салынуда. Мұндағы баспана халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасыларға беріледі. Алда абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Аталған тұрғын үй кешені елді мекендегі келбеті келіскен ықшам аудандардың бірі болмақ. Желтоқсан айында жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін беру жоспарланып отыр.

Жалпы, аудан бойынша 938 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жергілікті билік алдағы жылдары мүмкіндігінше халық арасында баспанамен қамтылатындар санын арттыруды көздеп отыр. Бұл күн тәртібінде тұрған  өзекті мәселелердің бірі. Болашақта «Жастар» ықшам ауданы іспеттес тұрғын үй кешендері салынбақ.

Сондай-ақ, қазір орталықта 36 пәтерлі тағы бір жалдамалы  тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Ал, Үштөбе ауылындағы 54 пәтер көпбалалы отбасыларға арналған. Жыл соңына қарай кезекте тұрған 240 отбасы жаңа пәтерлерге көшуі тиіс. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс сапасына ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек, Доскей ауылында 90-шы жылдары бос қалған бес қабатты ғимараттар қалпына келтірілуде. 40 пәтерлік үйдің құрылысы  ағымдағы жылы  аяқталады деп жоспарланып отыр. Кентте бас-аяғы тоғыз үй қалыпқа келтірілуі тиіс. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Жас мамандарды қолдау да назардан тыс қалмады. Ботақара кентінде жас дәрігерлерге жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Бұл орайда, аудандық орталық аурухананың жас мамандары үшін  арнайы төрт пәтерлі үй салынды.

Жеңіс Қасымбек өңірдегі  «Ауыл - Ел бесiгi», "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламаларын жүзеге асыру барысын да назарға алды.  Мысалы, Ботақара кентінде 320 орындық дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Жоба 2021 жылдың күзінде тәмамдалып, қолданысқа берілмек.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар