АУДАН ДАМУЫ ҚАРЫШТЫ

16:52, 6 желтоқсан 2018

Алдағы жылы Ұлытауда бес бірдей жоба жүзеге асырылады.Игілікті істерді инвесторлар қолға алғанда спорттық нысандар мен демалыс орындары еңсе тіктейді.Мұндай мәліметті өңірлік коммуникациялар брифингінде аталған аудан әкімі Әнуар Омаров журналистерге жариялады.Ал ағымдағы жылдың 10 айындағы көрсеткіші бойынша өлкеде құны 12 миллиард теңгеден астам ауыл шаруашылық өнімі өндірілген.

Келешекте Ұлытау селосында қазақ күресінің мектебі бой көтереді.Ал  Қарсақбай кентінде салауатты өмір салтын ұстанатындар үшін стадион салынады. Өлкедегі туризмді төрге оздыру бағытында 50 адамдық  демалыс орыны мен Ұлытау этно қалашығы еңсе тіктемек.Бағымды бес жобаны ілгерілету мақсатында жергілікті билік пен облыстық кәсіпкерлік басқармасы қазір инвестор іздестіру үстінде. Мал шаруашылығын дамыту да даңғыл жолға түскен.Несібесін несиеден тапқан  63 шаруа қожалығы 194 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алыпты. Фермерлер мемлекеттің мол мүмкіндігін сезініп, 29 миллион субсидия алған. Осы жылы аудан  31 тоннадан астам етті  Ресей мен Өзбекстанға жөнелткен.

Әнуар ОМАРОВ, Ұлытау ауданының әкімі:

-500 бас бұқа бордақылау алаңына тапсырылды.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.Селекциялық жұмыстарды дамытамыз.Асыл тұқымды мал үлесін 50 пайызға жеткіземіз.1200 бас  малды сатып алу  келесі жылға жоспарланды.

Ұлытаудың білім саласындағы жетістігі де  жетерлік. Бір ғана мысал, «Балапан» бағдарламасы аясында бүлдіршіндер  мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз  қамтамасыз етілген. Оқу ошақтарында орын тапшылығы мәселесі  жоқ, дейді аудан әкімі. Сондай-ақ Ұлытау ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 4 жоба қанат қаққан. Нәтижесінде этно фестивальдер шымылдығын түрген. Өңірдегі құрылыстың қарқыны қарышты. Сәтін салса   екі пәтерлі, 10 тұрғын үй  қолданысқа берліп, қараша қажетіне жаратылады.

Әнуар ОМАРОВ, Ұлытау ауданының әкімі:

-Бұл әрине Ұлытау тарихындағы елеулі өзгеріс. Бүгінде темір жолмен он бес пойыз өтеді. 

Бұдан бөлек баспасөз мәслихатында тілшілерді шағын және орта кәсіп, жол мәселесіне қатысты сұрақтар қызықтырды. Биыл  «Асан қайғы Болат сайы»   жолының екі шақырымына орташа жөндеу жүргізілген.  Сонымен қатар келер  жылы  Мибұлақ,  Сарысу   Жезді елді мекендерінің жолдары қалыпқа келтіріледі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...