АТЛЕТТЕР СЫНҒА ТҮСТІ

13:13, 14 мамыр 2019

Қарағандыда жеңіл атлетикадан облыстық ашық біріншілік алғаш рет жалауын көтерді.Аталған жарыс Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржановты еске алу құрметіне арналды.Дүбірлі додаға 300 -ден астам сайыскерлер қатысты.Бәсекеге Беларусь елінің өкілдері келді

Жоғары деңгейдегі жарыс салтанатты жағдайда ашылды.Сайыста Қазақстан мен Беларусь елінің спортшылары алтын үшін сынға түсті. Волковыск қаласында Кеңес Одағының батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған турнир 41 жыл  өткен. Осы жолы  Қарағанды қаласында  бірінші мәрте жалауын желбіретті.

Иван ЗАХАРЕНКО, спорт мектебінің директоры / Волковыск.қ/:

-Біз кенді өңірге келгенімізге өте қуаныштымыз. Қарағандыға алғаш рет ат басын тіреп тұрмыз. Намысты қолдан бермеуге тырысамыз. Командамыздың дайындығы жақсы.Қазір республикалық турнирге оғыландар облыстан іріктелініп жатыр.

Ашық біріншілікте қатысушылар  100 және 300 метр жүгіру және   биіктікке секіруден  бақ сынасты.Бәсекеде олар 16 норматив бойынша сынға түсті.Жеңіл атлетшілердің жарысына барлығы 300-ден астам  атлетші қатысты.

Андрей АГЕЕВ, жарыстың бас төрешісі:

-Бізде екі топқа бөлініп аймақ беделін қорғайды.Үздей жаттығу жасадық.  Әр түрлі қашықтыққа  сәйкес әдістерқолдандық.

Спортшыларға Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары сәттілік тіледі.Халық қалаулылары данқты майдангердің ерлігін жадында жаңғыртты.

Бейбіт ДОСЖАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихаттың депутаты:

-Батырдың қайсарлығы жүрегімізде мәңгі сақталады. Оның ерлігіне  Беларусь мемлекетіде құрметпей қарайды. Бұл біз үшін үлкен өнеге.

Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған турнир Қарағандыда дәстүрге айналмақ. Жарыс қорытындысында барлық қатысушыларға  естелік сыйлықтарт мен дипломадар тапсырылды.

Жанбота РАХИМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар