АТАКӘСІП – ЕЛГЕ НӘСІП

12:56, 21 мамыр 2020

Қарқаралы ауданы бойынша көктемгі жала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 52 мың гектар аумақта егін өсіріледі - деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта бидай, арпа, көп жылдық шөптер тұқымын себу жұмыстары аяқталуға жақын

Ағымдағы жылы Қарқаралы ауданы бойынша   31 мың гектар бидай, 20 мың гектар арпа мен 700 гектар сұлы себілуде. Егістік алқаптарында қызу тірлік қарқын алған. Нүркен ауылына қарасты «Атамекен» шаруа қожалығының ұжымы да биыл   300 гектарға дәнді-дақыл егуді бастап кеткен. Қазіргі таңда алқапта озық үлгідегі техникамен жер   жыртылып, бірден тұқым себілуде.

Сламбек ҚИНАЯТ, жеке қожалық иесі:

-Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры арқылы екі техника алдық. 100 бас ірі қара әкелдік. Сүт цехымыз бар. Техникаға субсидия алдық. Дәнді дақылдарды егіп бітіріп қалдық. Бидай, арпа егу арқылы шамамен 600 тонна өнім алуды көздеудеміз.

Атакәсіпті - нәсіп еткен шаруашылық  иесі Сламбек Қинаят шамамен 90 күннен соң, қырманы қызыл астыққа толы боларына сенімді. Айтуынша, тыңайтылған жерден алынатын өнім көлемі де  мол болмақ. Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында, ол 250 бас ірі-қараның біразын шетелден, қалғандарын өзге өңірлерден әкелген. Қазіргі таңда егістіктен алынған өнім мүйізді жануардың қысқы азығыда болмақ.

Еңбекпен есейіп, біраз тәжірибе жинақтаған Сламбек 15 адамды жұмыспен қамтып,  шаруасын түлетіп отыр. Егістіктен нәсібін табуды көздегеннің барлығы уақытылы айлық,  маусымдық жұмыспен қамтылған.

Жарқын ҚУАН, қожалық қызметкері:

-Жұмыс жүргізілу үстінде. жаңа техникалардың арқасында жұмысымыз жеңілдеп қалды. Жалақы тұрақты. Барлық міндетті жоспардан бұрын аяқтаймыз деп отырмыз. Өйткені, еңбек етуде барлығы озық техникамен жүзеге асырылуда.

Бүгінгі күні, жалпы аудан бойынша  22 500 гектарға дәнді-дақыл  себілсе, қожалық иелеріне 30 тонна тыңайтқыш берілген. Науқандық жұмыстарға арзандатылған  900 тонна дизель отыны жұмсалмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар