АТА КӘСІП – ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

16:59, 18 қыркүйек 2020

Бұқар жырау ауданында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Азаматтар мемлекеттің көмегімен жайлауда мал жайып, егінін жайқалтып отыр.

Бұл «Агросистема» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған шаруа қожалығы 2015 жылы құрылған. Жер көлемі 22000 гектарды құрайды. Бұнда 23 жұмысшы бар. Олар 100 теңгеден астам жалақы алады. Бүгінде қазақтың ақ бас тұқымды сиырының санын көбейтумен айналысып жатыр. Ақ бас сиыр етті және біздің климатқа төзімді. Сүйегі де сорпалы болады дейді.

Талғат СҮЛЕЙМЕНОВ, меңгеруші:

- 1200 гектар бидай, 800 гектар арпа егіледі. Келешекте аумағын өсіруді жоспарлап отырмыз. Техникалық базамызда джундир техника, 2 касемсот, ДТ, МТЗ бар. Шаруашлықта қазақы ақ бас тұқымыды 1000 бас ірі қара мал бар.

Шаруа қожалығы егін, арпа егумен де айналысады. Кейінгі күндері бұл жақта нөсер жауын тоқтар емес.  Соның салдарынан егін жинау жұмыстары тоқтап тұр. Бір-екі техника ғана малдың қысқы азығын жинауға жұмылдырылған.

Бұнда жиналған өнімді сақтауға да, ірі қара малдың қыстап шығуына да барлық жағдай жасалған. Жұмыскерлеріне де кең қылып жатахана салып берген. Тіпті шағын моншасы да бар.

Талғат СҮЛЕЙМЕНОВ, меңгеруші:

- Сиырларға арналған 3 қора салынды. Бидай қоймасы да бар. Жұмысшыларға жатахана тұрғыздық. Онда санитарлық нормалар сақталған. Тоқты күн батареяларынан аламыз. Бізде генератор станциясы бар. Сонымен қатар Шаруашылықта 2 ауыз су құдығы қазылған.

Күннен қуат алатын батареяларға мемлекеттің қолдауымен қол жеткізген. Шаруашылықтың алға қойған жоспары көп. Олар мемлкеттің тарапынан берілген мүмкіндікті құр жібермей еңбек етіп, қожалықты одан әрі кеңейткісі келеді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар