АСТЫҚТЫ АЙМАҚҚА – 90 ЖЫЛ

16:51, 17 қыркүйек 2018

Нұра ауданы да торқалы 90 жылдық тойларын кең көлемде атап өтті. Мерекеге Нұра ауданының құрметті азаматтары мен ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары және қоғам қайраткерлері арнайы келген. Бұл мерейтойға астықты аймақ үлкен жетістікпен келді. Ауыл кенттерде 150 әлеуметтік маңызды нысандар ашылып, экономикалық ауылшаруашылық бағытта толайым табыстар бар. Бұл бағындырған белестерге шараға келген қонақтар куә болды

Алдымен жан-жақтан келген қонақтар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұра кентінде ашылған  «Білім аллеясына» экскурсия жасады. Орталық музейде ауданның тарихы таныстырылды. Ескерткішке барып, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батыр бабалар рухына тағызым етті.   Қонақтар жастармен кездесіп, кейін астықты өңірдің  90 жылдықтағы толайым табыстарды баяндаған деректі фильмді тамашалады.  

Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ, Мемлекет және қоғам қайраткері:

-Тәуелсіздік алғаннан бері Нұра ауданы тіптен жақсы дамыды. Ауданның ортылығын аралап, кенттер жаңаша салынып жатқаны, осының бәрі қатты қуантады.

Бейбіт МАМРАЕВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Осы ауданда өстік осы ауданда мектепте лқыдық, жеттік, білім алдық, кейін басқа өңірлерде қызмет жасадық, шет елде қызмет жасадық. Дегнемен әрине ауылдың иісі рухы тартатта тұрады.

Салтанатты шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннің, қазақтың тұңғыш ғарышкері, батыр Тоқтар Әубәкіровтың және сан сала министрліктерінің құттықтау хаты оқылды. Нұра ауданының құрметті азаматтары өскен өлкелеріне деген жүрек жарды тілектерін жеткізді. Нұра ауданы өнеркәсіп, ауылшаруашылық, білім, ғылым, кәсіпкерлік саласында дамудың даңғыл жолына түсіп, үнемі озық шығып келеді деп баға берді.

Ниқанбай ОМАРХАНОВ, Нұра ауданының әкімі:

-Төбелері желден, өзендері шөлден қорғаған бұл өңірде ежелден  ата кәсібі мал болса, кейінгі уақытта көз жеткізбейтін егістік алқаптары игерген жандары жайсан азаматтардың қажырлы еңбегінің арқасында қасиетті қара Нұра атырабы өзінің бүгінгі келбетіне ие болды.

«Жер шежіре»  атты Көбейтей туралы аңыз театрландырылған көріністе жер тарихы әспеттелген. Ұлан асар той орталық алаңда жалғасын тапты. Мұнда сәні келіскен 30-дан астам ақшаңқаң киіз үй тігілген.   Халықтың қарасы қалың. Барлық нұралық азаматтар осындағы қызыққа куә болып, ұйымдастырылған шараларға белсене атсалысып жатты.  Ауданның жергілікті әртістері өз өнерлерін ортаға салып, мерекенің шырайын келтірді.

Палуандар бос кілемде 2 салмақ бойынша сыңға түсті. Аударыспақ ұлттық ойынында мом білекті жігіттер өзара кім мықтыны анықтады. Ал аламан бәйгеде Қазақстанның барлық облысынан 30 шабаондоз қатысты. Арасынан  алматылық сәйгүлік жүзден жүйрік шығып, темір тұлпарды тізгіндеп кетті. Ал ұтыс ойынға бая аяғы  300 сыйлық қойылған. Арасында ұялы телефон, тұрмыстық техникалар, мотоцикл, көлік тәрізді бағалы сыйлықтар бар.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Нұра ауданы өздерінің 90 жылдық торқалы тойларын осылайша өз сән салтантымен атап өтті. Игілікті шараларға белсене ат салысқан азаматтар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Мереке би кешіне ұласып, онда Қазақстан эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шырайлы күннің шымылдығы әдемі отшашумен аяқталды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар