АСТЫҚ НАУҚАНЫ ҚЫЗУ ЖҮРУДЕ

16:06, 21 қыркүйек 2020

Қарағанды облысында қыркүйек айының соңына қарай егін жинау науқаны аяқталады деп-, жоспарлануда. Ал кейбір астық егетін аудандар жұмыстарын аяқтап үлгерген. Жалпы, ауыл шаруашылық мамандарының айтуынша,жаз айларының құрғақ болғанына қарамастан, астық жинау және орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда жоғары екенін айтты.Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөнінде онлайн режимдегі аппараттық кеңесте тапсырма берді

Ауыл шаруашылық мамандары  биыл облыста көкөніс өсіру көлемі артқанын айтуда. Түсім жақсы, кейбір шаруашылықтарда орташа өнімділік 15 ц/га жеткен. 2020 жылдың өніміне 91,8 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы себілді.Қазіргі уақытта 859 га жерден . орташа өнімділікпен 24 мың тонна егін жиналған. Облыс алқаптарында жалпы  2 345 астық оратын және 60 картоп  жинайтын комбайндар және 3 72 картоп қазғыш техникалар жұмыс істеуде .Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арзандатылған дизель отынымен қамтамасыз етілді. Ал,өсімдік өсірушілер  арнайы субсидия алатын болды.Сонымен қатар, «ҚазАгро» АҚ қаржы институттары арқылы жеңілдетілген несие беріледі.

Сағынжан АПАҚАШОВ, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Бүгінде астық алқаптарының 86,6% жиналды. Орташа өнімділік бір гектардан 10,1 центнерден болса, 781,2 мың тонна астық, оның ішінде 567,2 мың тонна бидай бастырылды. Жаңаарқа және Шет аудандарында астық жинау аяқталды. Нұра ауданының ірі астық өндіруші кәсіпорындары барлық астықты жинады,

Мамандардың айтуынша,облыстың тұрақтандыру қорына белгіленген бағамен картоп пен көкөністі жаңа өніммен жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Қазіргі кезде қорларға 3 443 тонна картоп, 559 тонна сәбіз және 228 тонна қырыққабат жіберу жоспарлануда. Маусымаралық кезеңде бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу үшін жергілікті өнімдер әлеуметтік павильондар мен супермаркеттерге жеткізілетін болады.

Сағынжан АПАҚАШОВ, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- «ҚазАгро» АҚ қаржы институттары арқылы егін алқаптарын дамытуға 132 шаруашылыққа 4,5 млрд теңге несие бөлінді.Оның ішінде «Кең дала» бағдарламасы бойынша 2,5 млрд теңге берілді.Жалпы жыл басынан бері егін және шабындық егістіктерін дамытуға 2мың млрд 800 млн теңге субсидия берілді.

Сондай-ақ, нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 36,3 мың тонна көлемінде астықтың резервтік қорын қалыптастыру жоспарлануда.

Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөнінде арнайы тапсырма берді.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Нұра ауданы Осакаровкадан кейін екінші орын алады. Өткен жылы, менің мәліметтерім бойынша, гектарына 9,3 центнер жиналды. Кейбір шаруашылықтарға сіздермен бірге бардық.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар