АСПАЗДЫҚ БАЙҚАУЫ

17:21, 22 қазан 2019

Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары аспаздық шеберліктерін ортаға салды. Ерекше байқауда заң және экономика факультеттерінің ұстаздары бақтарын сынады

Тоқ пеш үстінде қазаны қайнап, үстелде көкеністері туралып, кезек күтіп тұр. Ас үйдегі шеберліктерін сынға салар сәт те келіп жетті. Ұстаздарды өзге қырынан танытар ерекше байқауға, заң факультетінің оқытушылары тыңғылықты дайындықпен келіпті.. Олар дайындаған тағамның дәмді, әрі денсаулыққа аса пайдалы болуына жіті мән беруде. Сондай – ақ, тамақ әзірлеудің ерекше әдіс – тәсілдерімен де бөлісіп жатыр.

Антонина ҚЫЗДАРБЕКОВА, заң факультетінің деканы:

- Facebook парақшасынан ерекше бір жаңалыққа көзім түсті. Онда бір университетте басшылары студенттермен бірге түскі ас дайындағаны туралы жазылыпты. Міне, осыдан кейін неге біз де ұйымдастырмасқа деген ой келді. Бәріміз кешегі студентпіз. Университет тәмамдағанымызға 20 жылдың жүзі болды. Содан бері студенттік жатақханаларда көп өзгеріс орын алды.

Көрші ас үйде қарсылас команда – Экономика факультеті бар шеберліктерін ортаға салуда. Сайыс шарты бойынша  олар бір сағат ішінде шектелген ингредитенттерді пайдаланып, өзі ерекше, әрі дәмі тіл үйірер тағамды дайындауы тиіс. Сондай-ақ, студенттерге қолжетімділік те ескерілген.

Марал АСАНОВА, экономика факультетінің кафедра меңгерушісі:

-Егер студенттер тек қана макарон өнімдерін пайдаланатын болса, денсаулықтарына зиян келеді. Сол себепті, көкеністерді, мысалы сәбіз, пиязды пайдаланған жөн.

«Ас – адамның арқауы» Ендеше, ас түрлерін ерекше дайындауда оза шапқандарды әділ қазылар алқасы бағалайды. Комиссия құрамы негізінен студенттер қауымынан тұрады. Арзан, әрі дәмді тағам дайындаудың қыр – сырын жатақхана жастары жақсы меңгеріп алған. Сол біліктіліктерін ұстаздарды бағалауда тиімді пайдаланбақ.

Ернар ӘЛІМҚҰЛ, студент:

-Ұстаздардың басты мақсаты бір сағат ішінде түрлі тағамдарды дайындап шығу. Сондай – ақ, студенттерім қарым – қатынасты нығайту. Өздерін біздің орынымызға қойып көреді.

Айта кетейік, аспаздық байқауы «Жатақхана – менің екінші үйім» атты акция қарсаңында ұймдастырылып отыр. Жыл соңына дейін мемлекеттік университет студенттерін әлі көптеген қызықты да тартысты байқаулар күтіп тұр.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар