АСПАНДАҒЫ АЙРЫҚША ҚҰБЫЛЫС

16:56, 29 шілде 2020

Бүгін Жәйрем кентінің көк аспанында ерекше бұлттар пайда болды. Бұл төтенше жағдай емес, аталған айрықша құбылыс жөнінде Қазгидромет мамандары мәлімдеді

Таңғы глория –бұл метерологиялық құбылыс!  Сала мамандары осылай дейді. . Ол көбінесе көлденең пішінде көрінеді. Бұлттардың биіктігі бірден екі километрге дейін найзағайлы жиекті құрайды. Өйткені олар жерден 200 метрлік аралықтағы биіктікте болады.  Оның ұзындығы мың километрге жетеді. Сағатына 60 шақырым жылдамдықпен қозғалады.Әсіресе,таңғы  глория қатты желмен және жер бетіндегі қысымның өзгеруімен сипатталады.  Бұлттың айналасында ауаны жоғары жылжытатын және бұлтқа өзгеше кейіп беретін жылдам көлденең қозғалыс пайда болады. Бір айта кетерлігі табиғаттың бұл  тосын құбылысы найзағай ойнағанға дейін белең алады.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар