АШЫҚ ҚОҒАМ ОРНАЙДЫ

17:07, 13 маусым 2019

ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев ұлыстау рәсімінде 10 жаңа тапсырма енгізген болатын. Мемлекет басшысы халықты толғандырған мәселелердің шешілуін тікелей өзі қадағалауға алатынын айтқан еді. Осыған байланысты бүгін Нұр Отан партиясының кезекті отырысы өтті

Елдің әлеуметтік – экономикалық даму жолында 10  бағыттан тұратын  елбасының тапсырмасын облыстық маслихатының депутаттары бір ауыздан қолдады. Енді олар халық мүддесі үшін демократиялық үдеріске көшуге  дайын екенін жеткізді. Қоғамдағы келіспеушілктің түйткілі  үнемі осы мәселеге келіп тірелетіні анық.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Қарағанды облыстық маслихаттың депутаты:

-Жалпы халықтың арасында боламыз. Халықтың ішкі әлеуметтік сұрақтарына басты назар аударуымыз керек. Сонда біз оларға уақытымен пікір таласқа барып отырсақ, қоғамдағы көп мәселе шешіледі.

Әлбетте, Қазақстанның болашағын дамытатын жастар екені аян.  Ерекше айта кетерлігі, Қасым - Жомарт Тоқаев  «Жастар – ел тірегі» атты әлеуметтік жобаны іске қосты. Президент кеше  жастар жылында заңнамаға өзгеріс енгізу, бюджеттен қаражат бөлу, жастарды жұмыспен қамту, баспана беру және білім беру мәселелерін түбегейлі шешуді   әкімдер мен барлық  сала басшыларына қатаң тапсырды . Мемлекет басшысына Қарағандылық студенттер де үлкен сенім артып отыр.

Бексұлтан МАҒРҰМЖАН, «Болашақ» академиясының студенті:

-Жастар ретінде бұл реформа арқылы жастарға қолдау кқрсмету арқала елімідің дамуына әрі қарай көптеген мүмкіншілік болатынында. Яғни жастардың әрі қарай дамуына көптеген жолдар ашылатындығында. Яғни жастар өз бейімділігімен дами алады.

«Халық әділдік орнауын қалайды» деді ҚР президенті Қасым –Жомарт Тоқаевтің ұлықтау рәсімінде.Айтпақшы,тарихи сәттің ортасында  облысымыздың депутарттары да болыпты.

Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-55 000 астам ұсыныстар түсті. Халықтың ең бірінші ұсыныстарының ішіндегі халықтың жағдайын жақсатру. Екіншіде бұл тұрғын үй мәселесі. Әрбір сұрақтарды қарастырып, қамтамасыз етуді қарастырамыз. Ұсыныстарды, сұрақтарды, мәселереді шешуге  тырысамыз. Сол бойынша отырыста міндеттерді, мақсаттарды қалай орындау осы ұсыныстарды қоямыз.

«Антақа адал, сертке берік болу – халық алдындағы парызым»  Осы сөзден айнымайтынын айтқан Республика  Президенттің жаңа тапсырмаларын еңсеру билік тізгінінде отырғандардың алғашқы міндеті болмақ.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар