АШЫҚ ДИАЛОГ, ЕРКІН ПІКІР

13:32, 9 қазан 2019

Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады.Бұл туралы Президент өз Жолдауында атап айтқан болатын. Осы мақсатта Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті

«Билік пен қоғам» диалогы деп аталатын кездесудің жөніде, жолыда бөлек. Себебі мемлекеттік құрылым өкілдері  тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді білуі тиіс. Ал қоғамдық пікірді тұрақты негізде қалыптастыратын түйткілді таразылайтын тараппен кездесу әсте маңызды. Қарағанды қалалық мәслихатының депуттары осындай  пікір білдірді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Біз бірінші кездесу өткізгенбіз.Сонда біраз сұхбаттасып, ортаға өзіміздің ойымызды салып, ақылдасқан болатынбыз. Сол кездесуде біздің білім саласы, мәдениет саласы саясат басшыларымен жақсы бір сұхбат болған.

Емен жарқын диалог алаңында депутаттармен Қарағанды қалалықәкімдігінің бөлім жетекшілері және үкіметтік емес ұйым өкілдері  ойларын еркін білдірді. Халық қалаулылары басты кезекте - салық төлеушілер  бюджет қаржысын  қайда және қанша жұмсайтынын  білуі керек дейді. Түптеп келгенде бұл  биліктің  халықтың сенім үдесінен шығуына тікелей әсер етеді.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Тәжірибелі біздің әріптестерімізде бар, сынау керек, сұрақ қою керек сұхбаттасу керек.Бірақ сынныңда-сыңы болады. Алғашқы талқылайтын мәселе, ол-қала бюджеті.Бюджет-ол халықтың қаражаты.

Ашық пікір алаңында  халыққалаулылары мен қоғам белсенділері күрмеуі қиын күрделі мәселелерді көтерді. Белгілі ғалым Темірғали Көкетаев «Құрылысшылар» даңғылындағы аядай аумақтың жыл сайын жөнделе беретініне наразы. Сонымен қатар қоғам белсендісі тендерді сағызша созып жүріп алмай, ертерек жарияласа дұрыс болар еді деп санайды.

Темірғали КӨКЕТАЕВ, физика-математика ғылымдарының докторы,қоғам белсендісі:

-Биыл 4 жыл болды, жылда сол жерді асфальтайды.Тендерді жариялап,   желтоқсанда анықтап.  Олар мамыр айынан  бастап неге жұмыс істемейді деп мен бір сұрағым бар.

Әлібек СЕРІКҰЛЫ, Қарағанды қалалық коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және  автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі:

-Енді, ол сұрақтарыңыз дұрыс. Жаңағы желтоқсан айында бізге ақша бөледі ғой, сол уақытта біз тендерді жариялаймыз. Ашық өтеді ол порталда, жарты жылға дейін созылады. Өйткені бір-бірлерімен мердігерлер соттасып, сол уақыт болады.

Бұдан бөлек  белсенділер жолды жөндегенде жиектеріне суағарлар жасамайтын мердігерлерге көңілі толмайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар олар  жеке сектордағы көшелерде жарық шамдары жоқтығына қатты қынжылады. Мысалы Қарағанды қаласындағы 811 көшенің тек 270-і ғана жарықтандырылған.Сондай-ақ қоғам өкілдері қазақ тілінде тәрбиемен білім беретін балабақшалар және мектептер салуға қатысты сұрақтарын жолдады.Ал қоғам белсендісі Жексен Әбдірахманов пәтер иелері кооперативінде үйлердің саны  көп болғандықтан, қызмет көрсету сапасы нашар екенін айтады.

Жексен ӘБДІРАХМАНОВ, қоғам белсендісі:

-Бір адамға тиесілі  пәтер иеленуші  кооперативі көп үйді  алып кеткен дұрыс емес шығар. КСК-ның пәтерлерінің саны шектеулі болса деп ойлағанбыз. КСК-ның басшылары сол үйлерді сақтауға емес,  ақшаны қарашаның  қалтасына қағуға ғана жұмсап отыр. КСК деген бүгінгі күні тексерусіз мекеме болып қалды.

Билік, депутаттар және қоғам өкілдері  арасындағы диалог үш сағатқа созылды. Кездесуде көтерілген көкейтесті мәселелер, мұқият талқыланып, бақылауға алынды.Енді мұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады, - деп уәде берді Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар