ХVІІІ ҒАСЫРДЫҢ ОЛЖАСЫ

13:50, 5 тамыз 2019

Сәтін салса Шет ауданына қарасты Талды ауылының аумағынан ашық аспан астындағы археологиялық парк жасалады. Бұл туралы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптама кеңесінің көшпелі жиналасында айтылды. Кеңес мүшелері тарихи орындардағы қазба жұмыстарының барысымен танысты. Тараптар ішкі және туризимді дамытудың тиімді жолдарын алға тартты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптамалық кеңес өкілдері бұл жолы Талды археологиялық кешеніне арнайы барды. Алдымен тараптар «Қызылтау» қорымынан табылған жәдігерлердің тарихымен кеңінен танысты. Мәселен осы аумақтан археологтар тапқан қыш құмыра, алтын сырға және қоладан жасалған шолпы біздің дәуірімізге дейінгі 18 ғасырды айқындайды.

Игорь КУКУШКИН, археолог: 

-Көне заманнан сыр шертетін  аталған орындар Орталық Қазақстандағы көлемі жағынан ең ірі бесінші аумақ болып саналады. Жоспарға сәйкес биыл  бірнеше қорымдарға реставрация жүргізіледі. Менің ойымша туристік кластерді өркендету үшін басты кезекте  инфрақұрылымды оң жолға қою қажет. Бүгінде біз сахатшылардың қызығушылығын арттыру мақсатында  едәуір еңбектенудеміз.

Сараптама кеңесінің мүшелері Табылды қорымынада ат басын тіреді. Ал аумаққа Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары архелогиялық қазба жұмыстарын жүргізген. 3800 жылдық тарихы бар орыннан қос ғашық  пен үш баланың мүрдесі шыққанын айтады архелогтар.

Бақытғали МҰСАБЕКОВ, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бас менеджері:

-Туған жердің  тарихын зерделеумен 3 жыл бойы қолға алынып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халықтың кәдесіне жарап жатыр. Мұның берері мол. Елді,жерді сүюге  бейімдеп жатыр.

Кеңес мүшелері көшпелі жиналыс барысында ішкі және сыртқы туризмді дамытудың тиімді тетіктерін нақтылап меңзеді. Ашық аспан астындағы басқосуда тараптар өскелең ұрпақты киелі жерлерге көптеп тартып, таңбалы тарихпен тереңнен таныстыру керектігін тілге тиек етті. Олар ерте темір дәуіріне жататын «Қаражартас» қорымы мен  орта ғасырдағы Түркі дәуірінің қорғандарын да айналып өтпеді.

Виктор НОВОЖЕНОВ, ЮНЕСКО сарапшысы:

-Ұлы даланың сан ғасырлық  тарихы өте бай. Мұнда Сарыарқа пирамидасы  анықталған. Киелі орындар  қола дәуірінің  айдан-анық дәлелі. Бір сөзбен айтқанда  әлемдік деңгейлдегі сенсациялық жаңалықтың куәсімен болып отырмыз. Ескерткіштер елдің  ерекше мақтанышы деп айтар едім.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптама кеңесінің мүшелерін әсіресе «Ақкезең» қонысы қатты қызықтырды. Аумағы 10 гектарды алып жатқан бұл  жерде бұрын  ескі қалашық болған, -дейді ғалымдар. Бұйыртса қасиетті мекенге қалпына келтіру жұмыстары жасалады. Сонымен қатар зиялы қауым өкілдері  қола дәуірінің айқын айғағы саналатын «Талды 2»  қорымы мен  «Сеңкібай 2» киелі орнын да аралап, тың деректерге қанықты. Қазба жұмыстарының нәтижесінде архелогтар осы орыннан қолға үйретілген  екі аттың қанқасын тапқан. Сараптама кеңесінің көшпелі жиналысы Сеңкібай би Оразғұлұлының басында түйінделді. Тараптар асыл бабаның рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Қысқасы  Шет ауданына қарасты Талды ауылының аумағы - ашық аспан астындағы археологиялық паркке айналатын күн жақын.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар