САПАСЫЗ ҚҰРЫЛЫС САЛДАРЫ

15:38, 25 қыркүйек 2020

Қаладағы Степной-2 ықшам ауданындағы аулада асфальт жұмыстары аяқсыз қалған. Себебі мұнда бір жыл бұрын үй салынып, жылу құбырлары тартылған болатын. Алайда, қопарылған асфальт күні бүгінге дейін жатыр.Тұрғындар жөндеу жұмыстары биыл тағы да аяқсыз қалады деп алаңдаулы.Жолды кім және қашан жөндейді?

Степной-2 шағын ауданындағы тоғызыншы үйдің тұрғыны Павел Попов құрылыс салушының аяқсыз жұмыстарын көрсетті. Жолдың бұл бөлігі бір жыл бұрын бүлінген. Мұнда жаңа көп қабатты ғимарат үшін жылу жүйесі тартылған. Алайда асфальт төсеу шаралары аяқсыз қалған.Салдарынан  жаңбырдан кейін аулада саз башлышыққа айналуда.

Павел ПОПОВ, тұрғыны:

- Барлығын күткендей жасауға уәде берді. Нәтижесінде олар жолды кесіп тастады.  Асфальт жол жасалмады. Осыған байланысты, бұл жердн таңертең әрдайым кептеліс болады. Балалары бар адамдар балабақшаға бару мүмкін емес. Сіздер көріп тұрғандай батпа0қа батып кетеді.

Тұрғындар осыған дейін бірнеше рет жауапты мердігерлерге жүгінген. Олар қалыпқа келтіреміз деп  уәде бергеннен кейін ат іздерін салмаған.  

Нариман БЕКЖІГІТОВ, "ProfInvest" құрылыс компаниясының өкілі»:

-Тұрғындардың Степной-2, 9 үй мекен-жайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің ауласындағы асфальт жабынына қатысты өтінішіне жауап ретінде, жақын арада қолайлы ауа-райы жағдайында асфальт қалпына келтірілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін Степной-2 шағын ауданының тұрғындарынан кешірім сұраймыз.

Жауапты құрылысшы  осы жолы да тұрғындарға кезекті уәдесін беріп күзде  жұмысты аяқтайтындарына сендірді. Ал біз түсірілім тобымызбен жағдайды жан-жақты білу үшін  әкімдікке жүгіндік.

Григорий БОТНАРЬ,  коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы:

-"Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және жолдар бөлімі "ММ"ProfInvest" ЖШС жылу трассасын қазуға ордер, рұқсат берді. Бүгінгі күні компания атына қазылған жерлерді абаттандыру бойынша шаралар қабылдау үшін ұйғарым жіберілді. Компания бұзылған жол төсемін ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қалпына келтіруге кепілдік береді .

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар