АРЫСҚА КӨМЕК

17:36, 25 маусым 2019

Қарағандылықтар Арысқа алғашқылардың бірі болып қол созды. Бүгін таңертең өңірге ұшақпен 10 тоннадан астам көмек жөнелтілді

Қазіргі таңда жедел желілер қосылып, көмек көрсетуге ниеттілерге  арнайы пунктер ашылды. Облыс тұрғындары пунктерге әлі де келіп, қолдарынан келгенше, көмек беруде.  

Сымбат ҚУАНЫШЕВА, облыс әкімінің баспасөз  қызметінің өкілі:

-Кеше облыс әкімдігінің бастамасымен және демеушілердің қолдауымен алғашқы гумманитарлық көмек жіберілді. Көмекке бірінші қажеттілік заттар, азық - түлік тағамдары, және гигиеналық заттар кірді. Бұдан басқа облыс, қала, аудан әкімдіктерінің қызметкерлері біркүндік еңбекақысын аударатын болады.

Экранда көрсетілген нөмірге хабарласып барлық ақпаратты ала аласыздар. Сонымен қатар Қарағанды қаласы Әлиханов көшесі 4 мекен-жайында орналасқан  Нұр Отан партиясының бас ғимаратындағы  көмек беру бекетіне келіп,қайырымдылық көмек көрсетуге болады. Мұнда кез-келген жәрдем түрлері қабылданады. Айта кету керек,«Түркістан» әлеуметтік корпоротивтік қорының бастамасымен қайырымдылық қоры жұмыс істеп жатыр. Ол бойынша Экранда көрсетілген мына  реквезиттерге қаржылай көмектеріңізді жолдауларыңызға болады. Қазірдің өзінде қала, аудандардан, кәсіпкерлердің атынан жеткен жүктер бекет басына түсіріліп жатыр. Бүгін жүк көліктерінің алғашқысы сапарға шығады. Бұл жұмыстар Арыстағы жағдай тұрақтанғанша жалғасады,-дейді ұйымдастырушылар.

Қадиша ОСПАНОВА, «NUR OTAN» Партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

-Филиал бойынша бүгін бір күндік жалақымызды аудардық. Енді қазір мынадай әр ауданнан азық-түлік жіберуде. Ұн, қант, май жіберуде. Содан кейін балалардың дәрі-дәрмектері, керек киімдері. Фармацевтикалық зауыт бізге бір миллион теңгеге осындай дәрі-дәрмектерді жіберіп жатыр. Ол жаққа жібереміз біз енді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар