АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТ-МҮДДЕЛІ МІНДЕТ

16:26, 19 қыркүйек 2019

Облысымыздың өрт сөрт сөндірушілері мен құтқарушылары және жедел жәрдем мамандары дайындықтарын пысықтауда.«Шахтер»стадионы маңында осы және өзгеде арнайы қызметтер тактикалық оқу-жаттығу қарсаңында сап түзеді. Алда оларды екі сценарий бойынша оқыс оқиғаның сындарлы сәттері күтіп тұр

Сан саланың мамандары  алдымен бір сызықтың бойында  сап түзеді. Арнайы қызмет өкілдерінің оқу –жаттығуға тас түйін дайындығы жалынды жүздерінен бірден сезілгендей. Ал жалпы сценарий екі кезең бойынша өрбиді. Бірінші төтенше жағдайдағы аңызға сәйкес су тазарту мекемесінде «Қауіпті химиялық  іс –әрекеті» тақырыбында тактитикалық жаттығу жүргізіледі. Екінші оқиғаның желісі бойынша ЖЭО-3 өрт өршиді.

Әсет ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық  ТЖБ-ның  бас маманы:

-Командалық жаттығу жақсы өтуде. Мамандар барынша тың дайындықпен келгені көрініп тұр.Сенім үдесінен шығуға тырысамыз.

Оқу-жаттығу екі күнге жалғасады. Оған 30-ға жуықа арнайы техника мен 80-нен аса  жеке құрам жұмылдырылды. Бұлар: полиция, дәрігерлер, құтқарушылар, байланысшылар және өрт сөндірушілер.Сонымен қатар қоғамдық көліктер де тартылды.Олар көшіру   үшін қажет.

Командалық –штабтық жаттығу кезінде төтенше жағдайға тосқауыл кою бірқалыпты іс-қимыл көрсетумен шектелмеді.Мамандар құралдарды  ұтымды  қолдана білді. Айта кету керек, химиялық  нысандағы   қауіпті жою дағдыларын пысықтауға Қарағандыдағы барлық сала қызметтері атсалысты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар