«ARMANGA JOL- 2019» МАРАФОНЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

17:45, 20 мамыр 2019

Қарағандыда «Арманға жол-2019» марафоны мәреге жетті. Бұл жолы ауқымды шараға қатысуға тілек білдірушілер көп болған. Тәуелсіздік алаңынан бастау алған марафонда кімдер жеңімпаз атанды?

Биылғы жартылай марафонға 6 мыңға жуық адам тіркелген. Жарыстың жүлде қорына бұл жолы  8 миллион теңге тігілді. Желаяқтардың ішінде елімізден бөлек, көршілес шет елдерден де спортшылар қатысты.

Қарағанды облысының әкімі биылғы жылдың басты спорт шарасының ашылуын жария етті. Марафонға 5 мыңға жуық адам қатысса, жүлде үшін емес, өздері ниет білдірушілер  деп қатарға көп болды.

Биылғы марафонның басты жаңашылдығы -бағдарламаға скандинавия жүрісі енгізілді.

Марафон басталмай тұрып  10 жасқа дейінгі балғындар   2 шақырым қашықтыққа жүгірді. Алғаш қыздар бастап , одан кейін ұлдар қоштап,   сөйтіп,«Балапан» жарыстың көркін қыздырды

Ал, ересектер арасындағы жарыс үш қашықтық бойынша өтті. Атап айтқанда,  әуелі 7, 14 одан кейін 21 шақырымға жүгірді.жеңімпаздарға  медаль, диплом және ақшалай сыйақы табысталды

Дмитрий КАРПОВ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

-Спортшыларды  15 түрлі бағыт бойынша марапаттадық. Бұл марафон өзге елдердегі спортшылар мен спортқа жақын адамдардың жақындасуына, тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді. Жартылай марафон халықтың бірлігі мен спортқа бет бұрып, шыңдала түсуіне де жол ашуда.

Биылғы марафонға шетелдік 20 азамат қатысса, соның екеуі марафонның бас жүлдесін қанжығаларына байлады. Нақты айтқанда, 2 млн теңгені 21 шақырым жүгіріп өткен қырғызстандық Дарья Маслова мен Беларусь елінен келген Владислав Прямов ұтып алды.

Владислав ПРЯМОВ, жартылай марафон жеңімпазы /Беларусь/:

-Мен осы марафон үшін Қазақстанға осыған дейін де келген болатынмын. Менің өмірімді Қазақстанмен осы марафон байланыстырды десем артық емес. Шыны керек, қарағандылықтар спортқа деген қызығушылықтары қуантты. Жеңімпаз атанғаныма өте қуаныштымын.

Тәуелсіздік алаңында марафонның басталуы мен аяқталуына дейінгі аралықта вокалды топтар мен би ұжымдары өнерлерін көрсетті.   Ал, жаппай халықтың басын қосқан жарыс - Денсаулық сақтау спорттан басталатынын кеңінен насихаттай түсті десек артық айтқандық емес. 

 Мақсат БЕЙСЕНАЕ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар