АРДАГЕРЛЕРДІҢ ДАРА ЖОЛЫ

14:36, 20 қаңтар 2020

Облыстық мемлекеттік мұрағат қоры -ҰОС ардагерлері Григорий Степенко мен Иван Скрипниковтардың жеке архивтік құжаттарымен толықты. Бұл шара Жеңістің 75 жылдығы аясында өткізілуде

Ерліктің үлгісін көрсетіп, небәрі 18 жасында майдан даласында ізі қалған ардагерлердің бірі  - Григорий Степенко. Бүгінде, 95 жасқа толған ҰОС ардагерінің сонай сұрапыл соғыс жылдарында қолданған жабдықтары, құжаттары мен хаттары мемлекеттік архив қорына өтті. Кеудесі орденге толы Григорий Степенко өзінің өмірлік жетістіктерімен бөлісе отырып, жеңіс әкелген майдандағы тарихи сәттерімен бөлісті.

Григорий СТЕПЕНКО, ҰОС-ның ардагері:

- Орел, Курск, Харьков қалаларын азат ету үшін ауыр шайқастар болды. Сол жерде 2-ні дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталдым. Майданда жарақат алып, ауруханаға түстім. Осындай қиындықты еңсере отырып, тәуелсіздіктің арқасында ұрпаққа ерлігім аманат болып отырғанына қуаныштымын.

Қарағанды облысының мемлекеттік архив қорына Иван Скрипниковтың да жеке құжаттары салтанатты түрде тапсырылды.   Барлық құнды құжаттар мен тарихи дүниелерді кеш қонақтары тамсана тамашалады. Кездесу аясында, құрметті меймандар сөз алып, ардагерлердің  отанға деген сүйіспеншіліктеріне бас иіп, ақ тілектерін жаудырды.

Жаңагүл ТҰРСЫНОВА, облыстық мұрағаттың директоры:

-50- ден астам құжаттар қойылуда. Біз үшін мұрағат қорына ҰОС ардагерлерінің жеке қоры өтуінің орны зор. «Ардагерлерді ардақтайық» атты арнайы фотоқұжаттық көрмесін әзірлеп қойдық.

Ұрыс даласында жеңіс үшін тер төгіп, жауынгерлігімен ұрпаққа өнеге болып отырған ардагерлерге Қарағанды қалалық мәслихат депуттаттары қала әкімінің атынан Құрмет грамоталарын табыстады. Ал,   шараға қатысушы жастар тарапы, майдангерлердің ерен ерлігі жөнінде мол мағлұмат алып, рухани тұрғыда сусындап қайтты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар