АРДАГЕР ЕСТЕЛІГІ

17:09, 12 ақпан 2019

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толды

Осыған орай интернационалист-жауынгерлер қатарына тартылған жерлестеріміз туралы айтуды жөн көрдік. Соның бірі «Қазақстан» шахтасының шаруашылық бөлімінің меңгерушісі Игорь Симко. Ауғанстанда от пен оқтың арасынан келген ардагер жайлы келесі бейнематериалда. 

Игорь Симко әскер қатарына 1981-ші жылы шақыртылған. Сол жылдың жаз айында Ауғанстанға аттанды. Самарқандтағы оқу орнынан кейін танк полкына түсіп, 2 жыл бойы брондалған машинаның жүргізушісі болды. Міндеті полкқа шабуыл жасаған кезде қорғау тиіс.

Игорь СИМКО Ауған соғысының ардагері

-Әскер сапында болу ер азамат үшін қашанда қасиетті борыш сналағн. Қазір жастар олай ойламайтын сияқты көрінеді кейде. Біз тіпті «Мен неге Ауған жерінде жүрмін»-деп ойлағанда жоқпыз. Бұйрық берілді, орындадық.

Ардагердің ауған соғысы жайлы естеліктері көп. «Отан қорғау міндет болғандықтан, қорқыныш болған жоқ»- дейді. Алғашқы тапсырманы келген күннің кешкісінде орындаған. Алғашқы аптада колоннаны пулеметтен қорғапты.  

Игорь СИМКОАуған соғысының ардагері

-Алғашқы аптада бірге келген пулеметчик екуміз бір апта жүріп, пулеметтің істен шығып қалғанын білмеппіз. Ол атылмайтын. Кейін өзге жігіттер дереу арада жөндеп берді, кейін өзіміз де үйреніп алдық.  Олар тәжірибелі болғаны сонша, көзін жұмып қойып жинап беретін.

1983-ші жылдың мамыр айында Симко үйіне оралады. Алдымен «Долинская» кейін «Қазақстан» шахтасына жұмысқаорналасады. Қазір ауғанда бірге болған майдандастарымен әліде сөйлесіп тұрады. Шахтиснкте жауынгер-интернационалисттер ұйымы құрылғаннан кейін оның жұмысының жүйелі жүруіне ықпалдасып келеді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар