АПАТПЕН КҮРЕСУГЕ ДАЙЫНСЫҢ БА, ЖЕТКІНШЕК?

17:38, 11 маусым 2019

Қарағанды қаласында «Жас құтқарушылар» жарысы өтті. Орталық саябақта талапкерлер түрлі төтенше жағдайларға қаншалықты дайын екенін көрсетті

Жас құтқарушылардың облыстық сайысына облысқа қарасты қалалар мен   аудандардан  келген  10 команда қатысты. Олар өз өңірлеріндегі сайыстан іріктелген өрендер. Жасөспірімдер төтенше жағдай кезінде жедел әрі нақты әрекет ету шеберліктерін танытып бақты. Талапкерлер біліктіліктерін ортаға салды. Сонымен қатар үміткерлер суға батып бара жатқан  адамды ажалдан арашлааудың тәсілін көрсетті. Ережеге сай әр қатысушы негізгі талаптарды сақтап,  уақытында тапсырмаларды сапалы орындау қажет.

Әсет БЕКМАРАТ, №41 мектеп гимназия оқушысы:

-Біз үшін осы жарыс өте қатты көмек берді. Өйткені біріншіден, ол адамға зақым түскен кезде көмек беру. Осы жарысқа дайындалғанда, адам құтқаратын апараттарымен де бізді таныстырған болатын. Біз осы жарысқа өте қатты дайындалдық.

Бұл жарыстың басты мақсаты оқушыларды төтенше жағдайларға  дайындау, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.  8 кезеңнен тұратын сайыста жас құтқарушылардың  жылдамдықтары мен табиғи орта жағдайында  оқыс  оқиға барысындағы құтқару-іздестіру жұмыстары сын таразысына алынды. Білікті мамандар  жарысқа түскен командаларды  қатаң қадағалап, баға берді.

Мұрат ҚАТПАНОВ, Қарағанды облысының ТЖД орынбасары:

-Мұндағы алған білімдері негізі дайындық. Жыл сайын балалардың дайындалуы осындай жарыстарға қатысуы үлкен тәжірибе береді. Біріншіден білім береді. Құтқарушы келешекте болама болмайма, бірақ алған білімдері өмірде керек болады. Сол мақсатпен біз осы балаларға біздің мамандардыққа жақын болсын, кез-келген зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуді білсін. Сол мақсатта осы шараны өткізіп отырмыз.

Шарада төтенше жағдайларда қолданылатын  құтқару техникасы мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша жүлдегер Кубогы  Қарағанды қаласындағы  №41 мектеп гимназиясының оқушыларына бұйырды. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға алғыс хат, диплом, естелік сыйлықтар және медальдар табыс етіледі.

Әйгерім ҚҰСАЙЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар