АНА – ӨМІРДІҢ ГҮЛІ

14:31, 11 наурыз 2019

Балалық жүрекпен, ақ тілекпен құттықтады. Сұрыптау кентіндегі №22 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері 8 наурыз мерекесінде аналарына арнап өз қолдарымен сыйлық жасап, концерт қойды

Сұрыптау бекетіндегі бұл интернат ерекше білім ордасы деуге болады. Мұнда алыс-жақыннан балалар келіп тәлім тереді. Бүгін мектепте мереке. Бұл жолы оқушылар аналарын қуанту үшін барынша дайындалыпты. Би биледі, аналарымен қосылып ән шырқады, қолдан жасалған сыйлықтарын тарту етті.

Көпбалалы ана Әсемгүл Омашеваның 3 баласы осы интернатта оқып жүр. Мектеп ұжымына осындай мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін шексіз алғысын білдірді.

Әсемгүл ОМАШЕВА, ата-ана:

-Бұл мектептің ұстаздары мен тәрбиешілеріне юеріп жатқан білімдеріне, тәрбиелеріне дән ризамын. Аналар мерекесіне өткізіліп жатқан мерекелік кешке бүкіл ата-аналар атынан алғысымызды айтқым келеді.

№22 мектеп интернатында 81 көпбалалы отбасының, 79 жалғызбасты ата-аналардың және 54 аз қамтылған жанұялардың балалары білім маржанын теруде. Сол себепті ерекше қамқорлық пен қайырымдылықты қажет ететін мұндай отбасыларына әрдайым әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз дейді, мектеп ұжымы.

Светлана РАХЫМЖАНОВА, №22 мектеп-интернатының директоры:

-Бұл іс-шараны өзіміздің интернатта 312 тәрбиеленуші бар, сол балалардың аналарына арнапр өткізген едік. Бүгін тәрбиеленіп отырған оқушыларымыздың жағдайы жақсы. Аналарымызға мерекелік көңіл-күй сыйладық деп айта аламын.

Мұнда тәрбиеленуші балалардың бес мезгіл тамағына да жергілікті әкімдік тарапынан айтарлықтай жеңілдік қарастырылған. Сапалы біліммен сусындауы үші барлық жағдай жасалған.

Асылбек ТОЙБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар