Ана - өмірдің гүлі

16:52, 12 наурыз 2018

Қарқаралы ауданында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана» өмірдің гүлі, тіршіліктің нұры» атты салтанатты шара өтті

Оған білім, денсаулық сақтау, өндіріс, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларында еңбек сіңірген аяулы аналар, озат қыз-келіншектер шақырылды. Шара аясында бірқатары марапатталып, мерекелік сый-сияпаттар тарту етілді. Ал жергілікті өнерпаздар болса арнайы концерт  беріп, жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қай саланы алып қараңыз әйелдердің қосып жүрген үлесі ерекше. Айталық, Қарқаралы ауданыныда білім беру мен мәдениет саласындағы әр 10 қызметкердің 9-ы, медицинадағы 6 дәрігердің 5-і, өндірістегі еңбеккерлердің жартысына жуығы қыз-келіншектер. Тіпті аудандық мәслихаттың депутаты, ауыл әкімі болып қызмет етіп жүргендері де бар.

Халел  МАҚСҰТОВ, Қарқаралы ауданының әкімі

Кешегі Елбасының жариялаған бес әлеуметтік бағдарламасының ішіндегі шағын несие беру бойынша мысал келтірсек, біздің ауданымызда шаруашылықпен айналысатын қыз балаларымыз көбеюде. Бұл әйел адамдардың ерлермен бірлесе отырып аудан экономикасына үлес қосып жүргенінің бірден-бір ышаны.

Қоғам дамуы, заман ағымы өзгерсе де аналарға деген құрмет, қамқорлық әрқашанда ерекше. Мерекелік жиын барысында көп балалы аналар, еңбек озаттары салтанатты түрде марапатталды.

Эльмира ЖҰМАБАЙ , күміс алқа иегері

Қоғамның қай саласын алсаңыз да мықты аналарымыз бар. Үйлеріне де үлгереді. Бүкіл шаруаға, қоғамға да үлгереді. Қыз-келіншектер, әйел адамдарды 8-ші наурыз мерекесімен құттықтаймын! Зор денсаулық, ашық аспан тілеймін!

Салтанатты шара соңы жергілікті өнерпаздардың арнайы дайындаған концертіне ұласты. Әсіресе, аудан әкімінің қатысуымен ән шырқаған вокалдық -аспаптар ансамблі жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Ал мереке соңыда аналарға арналған ақ дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.

Руслан ТҰРСЫНҒАЛИЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар