«АЛТЫН СҰҢҚАР» СЫЙЛЫҒЫ

17:06, 26 маусым 2020

Қарағанды өңірінде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде Бұқаралық ақпарат құралдары байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Аталмыш сала үздіктеріне жыл сайын облыс әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығы беріледі. БАҚ қызметкерлерігің жұмысын мемлекеттік қолдау және ынталандыру мақсатында табысталатын бұл марапатқа,облыстың әр өңіріндегі газет-журналдар мен теле-радиоларда жұмыс істейтін жандар ие болып келеді

Өндірісті өңіріміз еліміз бойынша медиа аймақ санатында үздіктер қатарында болса, БАҚ саны бойынша алғашқы үштікке енген.  Дәстүрлі түрде табысталатын «Алтын Сұңқар»  сыйлығы әр жыл сайын қала, аудандардағы БАҚ өкілдері ішінен өз иелерін анықтап, жүлделілер марапатқа бөленіп келеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлдеге жыл сайын облысымызда еңбек етіп жүрген байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің 100-ден астам өтініші түседі.  Жеңімпаздардың әрқайсына 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Мереке қарсаңында үздік хабарларымен, өткір мақалаларымен жұрттың ықыласына бөленген  қаламгерлер есімі  белгілі болады. Дәстүрлі «Алтын сұңқар» сыйлығы әдеттегідей «Мамандыққа адалдығы үшін», «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін», «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін», «Алғашқы қадам» секілді 10-нан астам аталым бойынша тапсырылады.

Арнайы ақшалай жүлдеге тек журналистер ғана емес, үнемі кадр сыртында жұмыс істейтін фототілші, режиссерлер,  телеоператорлар да ие болады. Биылғы салтанатты шара карантиндік жағдайға байланысты жылдағыдай тойланбады. Марапаттау кешіне келген жеңімпаздар, комиссия мүшелері мен санаулы меймандарға бетперде таратылып, қолдарын антисептикпен тазалау жұмыстары жүргізілді.

Телеарнамыздың тәжірибелі тілшісі, әріптесіміз Ботабек Тілегеновте биыл үздіктер қатарынан көрініп, «Алтын сұңқар» иегері атанды. Ол «2050», «Чемпионмен жүздесу»,  “ARQA live”, «Арена» секілді сапалы телеөнімдерді көрерменге ұсынып келеді.

 Ботабек ТІЛЕГЕНОВ,  «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері:

-Өте қуаныштымын. Жемісті еңбектің, ұжымның жеңісі. Ата-анамның еңбегі ақталғаны деп білемін.

Үздіктерді - құрамында белгілі тұлғалар, сала жетекшілері бар арнайы комиссия жыл сайын анықтап келеді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар