АЛҒАШҚЫ БЕЙБІТ ЖИЫН ӨТТІ

16:50, 14 қыркүйек 2020

Қарағанды қаласында алғашқы бейбіт кездесу өтті. Оған 10-ға тарта адам қатысты. Жиналысты ұйымдастырушыларға рұқсат алудың қажеті болмады

Бейбіт жиын Қарағанды қаласындағы Абай ескерткіші жанындағы алаңда өтті. Жиылған тараптардан гөрі журналистер, мемлекеттік қызметкерлер мен тәртіп сақшыларының саны басым болды. Түрлі ұрандар жазылған плакаттар мен микрофон ұстаған жандар саны көп бола қойған жоқ.  Қарағандылық митингіге жиылғандар негізінен қазақ жерін шетелдіктерге жалға бермеуді талап етті.

Теміртас НАГИМЕТОЛЛАЕВ,  бейбіт жиынды ұйымдастырушы:

-Бұл жер ата-бабамыздан қалған жер. Ол біздің ұрпақтарымызға ғана тиесілі екені анық.  Жерді тіпті шетелдіктер жалға алудың өзі дұрыс емес деп ойлаймын.

Өздеріңіз білетіндей, ел Президенті жер мәселесіне нүкте қойды. Мемлекет басшысы жер шетелдіктерге сатылмайды және бұл соңғы шешім екенін айтты. Үкіметке жерді тиімді пайдалану мәселелерін шешу, Жер кодексіне өзгерістер енгізу тапсырылған.

Рамазан АҚАШОВ, профессор:

-Диалог негізде мәселенің шешім тапқаны дұрыс. Барлық мәселе шешуге болатын сұрақтар.

Несиеге қатысты сұрақтар да бейбіт жиынның басты тақырыбына айналды.

Айжан БАЙДІЛДИНОВА, қала тұрғыны:

-Осындай жиындар арқылы еститін мемлекеттің бар екеніне көз жеткізе түсуге болады. Әрбір мәселені, қарапайым азаматтар өз ойларын айтуға мүмкіндік.

Жиылған тараптар бейбіт жиын өткізу мәдениетін ұстанды. Санитарлық нормалар сақталды.Митингіге қатысқандардың  барлығы бетперде киіп, белгілі бір қашықтықта тұрды.  

Осы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы заңға қол қойды. Оның басты ерекшелігі - бейбіт митинг өткізуге рұқсат алудың қажеті жоқ, бұл туралы жергілікті атқарушы органға хабарлау жеткілікті. Басты мақсат  - «Еститін мемлекет» құру.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар