АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНДЫ

14:38, 5 наурыз 2019

Алаяқтар 4 жастағы баланың ем-домына қажетті ақшаны ұрлап кеткен. Ғаламторда кісі алдап машықтанған ұрылардың кесірінен енді тәй-тәй басам деген 4 жасар баланың маңдайы тасқа ұрылды. О баста жұлын жарығы яғни гидроцефалия дертіне шалдыққан баланы Павлодарлық дәрігерлер емдейміз депті. Алайда осыдан бірнеше күн бұрын банк есепшотындағы жиналған қаражат қолды болған

Павлодарға баратын билетті сатып алып қойған отбасы о баста еш тосын оқиға болмайды деп сенген. Дәрігерлер де 17-ші наурызда баланы келеді деп күтіп отыр. Қажетті қаржы көлемі де соншалық көп емес. Біреулердің бір жолғы түскі асы ғана дерсіз, 300 мың теңге көлемінде. Еріктілер мен көмек қолын созғандар жинаған ақшаны интернет-алаяқтар айласын тауып, қолды етіпті.

Құдайберді СҰЛТАНОВ, Жандарбектің әкесі:

-22-ақпанда бір кісілер тағы ватсап арқылы звондап, сізге коллективімізбен жиналып, 100 000 теңге салып береміз деп, аты-жөнімізді, номерді жай-жай сұрап... Мен жұмыста болғанмын. Үйде үлкен қызым мен жолдасым болған.

Емге қажетті соманы жинауға еріктілер тобы көмектескен. Қайырымдылық кешін өткізу, әлеуметтік желіде қаржылай көмек көрсету эстафетасын жариялау арқылы 2 айға жуық уақытта жиналған 329 000 теңгенің жартысы қолды болған. Отағасы бірден полиция бөлімшесіне жүгінген.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, Полиция департаментінің баспасөз қызметі маманы:

-Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы, 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар атқарылуда.

Алаяқ өзін Әлия деп таныстырған. СМС хабарламалардың мазмұнына қарағанда ол қаражаттың баланың еміне қажет екендігін жақсы білген.

Жансая Каменова, ерікті:

-Мамасы маған хабарласады100 000 теңге салайын деп жатыр бір кооператив бірігіп ақша жинап 100 000 теңге салады екен деп. Қуанамыз. Перевод жасалмай жатыр деп бір хабарласады. Содан кейін барып неге деп мен ол қызға жазамын. Ол маған ответ жазбайды, мамасына ғана жазып отыр. Міне, осы сілтемеге кіріңіздерші, сол арқылы біз сіздерге перевод аудара аламыз 100 000 теңге деп. Кірген бетте уже установка кетіп қалады. Перевод жасай алмаған. Покупка арқылы 160 000 теңге мошенниктардың қолында кеткен.

Алаяқтарды іздеу жүріп жатыр. Ал Жандарбек аяғына тұрып кетуі үшін екі айда бір рет құны 300 000 теңге емдік курсын өтуі керек. Ауыр сынаққа ұшыраған ата-ана баласының құлан таза сауығып кететінінен үміт үзбей отыр. Көмектесемін деушілер болса, экрандағы телефон номеріне хабарласуына болады: 8 702 895 94 19

Сәния ОРЫНБАСАР

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар