АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛАЙЫҚ!

16:20, 19 қыркүйек 2019

Әлеуметтік желі арқылы адамдарды алдаушылар саны артуда. Бүгінгі күнге дейін осы бағыттағы қылмыс саны да арта түскен. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде кеңінен айтылды

Ғаламтор алаяқтарының бүгінде айы оңынан туып тұрғаны жасырын емес. Алдымен, орталық желі бойынша адамдарға хабарласып, жасырын түрде жеке деректерін сұрап алады. Артынша, қолдағы құжат анықтамаларымен ғаламтор арқылы өз істерін жүзеге асыратын көрінеді.

Руфат КҰТТЫҚОВ, Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары:

-Банк картасынан қаржы жымқыру әрекеттеріне жол бермеу керек. Осы тектес 238 жайттың орын алғанын айта кетуге болады. Адамдардың сыртынан қаржы алу мәселесі де жоқ емес. Ғаламтор арқылы барлық жағдайды жүзеге асыруға болады.

Мамандар болса, әрбір адам өзіне қатысты жеке деректерді белгісіз адамдарға бермеуді сұрайды. Соңғы деректерге жүгінсек, жалпы шығын көлемі 1,5 миллиард теңгені құрайды. Мұның 549 миллионы ғана кері қайтарылған.  

Ернат ҚАЛИАҚПАРОВ, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

-Алдын-ала төлем жасау деген ұсыныстан бірден бас тартыңыздар. Әлеуметтік желідегі сатылатын тауарларға да абайлап қарап, шынайы екеніне көз жеткізгендеріңіз абзал. Алдымен, тапсырыс берген дүниеңіз қолыңызға тиген тұста ғана ақшасын төлеген абзал. Егер алдын-ала төлем сұраса түбі алданып қалуға алып келуі мүмкін. Осылайша, алаяқтық ісіне өздеріңіз жол беріп қоюларыңыз ғажап емес.  

Ғаламтордағы алаяқтық жөнінде бүгінде көп айтылып жүргені жасырын емес. Бұл санаттағы орын алатын қылмыс алты пайызға артқан. Тәртіп сақшылары болса, халықтың әр нәрсеге мұқият қарауын сұрайды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар