АЛАМАН АЙТЫС ӨТТІ

13:36, 4 желтоқсан 2019

Қаражал қаласында Тұңшы Президент күні қарсаңында екінші рет «Келешегі кемел-кенді өлке» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Жыр жүйріктерінің бәйгесінде алты өңірден келген 10 арынды ақын бақ сынасты. Синкретті өнер сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Nur Otan» партиясының қолдауымен Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай ұтымды ұйымдастырылды

Қаражал қаласында осымен екінші рет республикалық дәстүрлі ақындар айтысы шымылдығын түрді. Жауһар жыр жәрмеңкесінде қазақтың синкретті өнері жанданып, жаңаша жаңғырды. Ал сөз сайысында кілең кіл  жүйріктерді арасынан үздіктерді анықтау оңайға соқпайтынын айтады,- айтыстың арынды ақыны Төлеген Жаманов.

Төлеген ЖАМАНОВ, айтыскер ақын, ұйымдастырушы:

-Ұлттық құндылықтарды насихаттау.Бүгінгі ұрпаққа  өзінің тілін, ділін, дәстүрін, салтын санасын, тарихи жадын ояту.Аламан айтыстың сапында сен тұр мен атайын деген  ақындар. Осалы жоқ ішінде.

Дүйім халықтың санасын сілкінткен  дүбірлі дода да  Қаражал қаласының әкімі рухани мұрамызды дәріптеу ұлт пен ұрпақтың ұлы парызы екенін тілге тиек етті .Шахар басшысы көмейінен жыр төгілген шайырларға  сәттілік тіледі.

Тілектес ДОСАЕВ, Қаражал қаласының әкімі:

-Айтыс сахнасы  халықтық пікірді қоғамға ашық айтатын алаңға айналғаны сөзсіз. Сол ұлттық құндылықтың бірі –айтысы өнері.  Көрерменге рухани азық  ұмтылмас кеш сыйлайды деген сенімдемін.

Аламан айтыста Түркістан мен Семей , Ақтөбе мен Қостанай және Қарағанды  облысының  Ақтоғай Шет пен Жаңаарқа Бұқар жырау аудандарынан келген 10 ақын сынға түсті.Сүбелі сөзді суырып салатын жыр жүйріктерінің шалқар шабыты мен мәнерлі мақамын халық қалаулылары мен танымалы ақындар бағалады.

Қойлыбай АСАНОВ, профессор, қазылар алқасының мүшесі:

-Рухани тұрғыдан  түлеп жатқан өлкеге айтыстың келуі  шын мәнінде  қаланың болашағының жарқын белгісі деп ойлаймын.Әлеуметтік мәніне,  шеберлігі мен көркемдігіне  барлық қырынан қаралады.

Бәсі биік бәйгеде Өміржан Көпбосынов пен Айбек Қалиев шырайлы шахардың қарышты қадамын мен бабалардың даналық келбетін қапталдастырып жырлады.Дара дарын иелері аға мен іні арасындағы сыйластық пен ізеттілікті әдемі әзілмен өрнектеді.

Өміржан КӨПБОСЫНОВ, айтыскер ақын:

-Айбектен оңайлықпен жеңілетін ақын емеспін. Бірақ, асқақ арманым орындалып, Айбек ағамнан бата алып себебім сол жолымды беріп, әйтпесе өз елімде өз жерімде тырысамын ғой.

Ал арқаның арқалы ақыны Айтбай Жұмағұлов пен  Бекарыс Шойбеков еңселі егемендіктің жетістігін, өмірдің күрделі мәселелерін тақырыбына  тұздық етіп, кесек сөйлеп көсілді. Мақсат Аханов  пен Әсем Ережеқызыда  қыз бен жігіт айтысының қағытпа-қалжыңдармен жарасымды үлгісін көрсетті.

Айтбек СИЯБЕКОВ, көрермен:

-Айтысты үзбей көретін көрерменнің бірі мен боламын. Көздің қарашығындай сақталған айтыс өнері әр қалаларымыздың, әр ауылдарымыздың түкпір-түкпірінде болса деген ниеттемін.

Бәсекенің бас жүлдесін Нұр-Сұлтандық Еркебұлан Қайназар  қанжығасына байлады. Ал шашасына шаң жұқтырмайтын Дидар Қамиевке бірінші орын бұйырды. Екінші орынды Түркістаннан келген Бекарыс Шойбеков қанағат тұтты. Соңғы үштікті қостанайлық Айбек Қалиев еншіледі. Қалған ақындарға арнайы жүлдермен қоса, «Шабыттандыру» сыйлығының ақшалай сертификаттары табысталды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

-Қазыналы Қаражалдың көркейген келбеті де арынды ақындар жырының арқауына айналды. Шайырлар шұбыртпалы ұйқастарын қиядан шалып, қисынын тауып, тереңнен толғады. Бастысы айтыс өнеріне сусаған санасы суарылды. Өйткені ақындардың астарлы ойлары көрерменнің көңіл терезесі мен айнасын шытынатып жіберді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар