АЛАМАН АЙТЫС

13:39, 18 қыркүйек 2019

Қарағандыда екі күн бойы аламан айтыс болады. Шараға Қазақстаннан өзге Қырғызстан, Моңғолия және Қытайдан келген 18 аузы дуалы, сөзі уәлі айтыскерлер қатысады. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында өтетін бұл аламан айтыс Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналады

Биыл ақиық ақын, мемлекет және қоғам қайраткері -Сәкен Сейфуллиннің туғанына -125 жыл. Осынау мерейтойға арналған екі күндік Халықаралық айтыстың өтуі - қарағандылықтар үшін үлкен мәртебе. Айтыстың туын көтерген, кенді өлкеде аталмыш шараның өтуі - арқаның мәдениетінің биік деңгейде екенін көрсетеді.

Асанәлі ӘШІМОВ, Еңбек ері, қазылар алқасының төрағасы:

-Ақындар айтысы халық фальклоры. Бұл халық үшін. Халықтың қуанышы біздің қуаныш.

Бұл - Халықаралық айтыс Қарағанды облысы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отыр.

Жүрсін ЕРМАН, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын:

-Ел ақндарынан ең таңдаулыны шақырдық. Арқалықтан Айбек Қалиев,  2 дүркін алтын домбыра алған Мұхтар Ниязов. Қарағандыдан 5ақын қатысады. Қарағанды айтыстың туын көтерген жер.

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған халықаралық айтыс қарсаңында ұлы ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Елордада жарық көрген басылымның авторы – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,  ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы Аманжол Әлтаев.

Аманжол ӘЛТАЙ, филология ғылымдарының докторы, профессор:

-Бұл тек Қазақстаннан ғана емес, бір шеті Қытай енді бір шеті Қырғызстаннан ақындар келіп жатыр. Ұлттың жүрегінде қалатын айтыс болады деп ойлаймын. Сәкен Сейфуллин енді 20 ғ басындағы маңдайы жарық тұлға ол ат үстіндегі көп

Айтыс 18 және 19-ші қыркүйек аралығында өтпек. Гран-при иегері 3 млн теңге, бірінші орын – 1,5 млн теңге, екінші орын иегері– 750 мың теңге, ал, үшінші орын үшін – 500 мың теңге ұтыс тігіліп отыр. Сонымен қатар екі арнайы жүлде тағайындалған. Айтысқа келіңіздер. Көріңіздер?!

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар