Ал, облыстық архивтер ғимаратында «ХХ ғасырдың 30-90 жылдардағы Қарағанды облысында діни конфессиялары» - деп аталатын жинақтың тұсаукесері өтті

17:42, 12 қаңтар 2018

Жинақ 133 архивті құжаттан тұрады. Айта кету керек, бұл игілікті шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілуде

Жинақта 133 архивті құжат қамтылған. Атап айтқанда, аймақтағы  діни ұйымдардың құқықтық ережелері мен қызметтерін құру, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мен тұрғындарды атеистік тәрбиелеу жөнінідегі материалдардан тұрады. Мысалы, 1987 жылдың 1-ші  қаңтарына дейін облыста 49 діни берлестіктер мен 9 конфессия топтары қызмет еткен.

Нұрлан  БИКЕНОВ   облыстық  дін  істері  басқармасының  басшысы

Қарағандыда бүгінде  34 діни бірлестік пен 15 конфессия бар. Біз конфессиаралық негізде қайшылықтар, түсініспеушіліктер жоқ деп сеніммен айта аламыз.

Іс шараға Қарағанды қаласының діни конфессиялары мен Қазақстан халық Ассамблеясының және ұлттық-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ алқалы жиында облыстық дін мәселелері бойынша уәкілетті органның өкілдері, жоғары оқу орының ғалымдары мен архивистер бас қосты.

Өмірзақ  БЕКҚОЖА   облыстық мешіттің   бас имамы 

Игілікті шара өткізіп жатырмыз. Қоғам үшін бұл кітаптың маңыздылығы зор. Сол кездегі атеизмнің күш алып тұрған негізінде біздің рухани құндылықтарымызды жоғалтпауымыздың бірден бір дәлелі осы кітаптың ішіндегі құжаттар.

Жиында облыстық архив қорының құжаттары туралы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар дін конфессияларына арналған фильмінің  көрсетілімі өтті. Бұған қоса  деректі  нұсқаулар, ақпараттық баяндамалар, діни нанымдағы адамдардың шағымдары мен өтініштері және арнайы комиссиялардың  құжаттары таныстырылды.

Жанагүл  ТҰРСЫНОВА   облыстық  мұрағаттың  директоры

Бұл жинақ қазіргі студенттерге, ғалымдарға, ізденушілерге, өзінің тарихын білемін деген, туған жерінің тарихын зерттеймін деген азаматтарға арналып шығарылып отыр.

Қазақстанда этникалық, мәдени және діннің алуан түрлігіне қарамастан, бейбітшілік пен саяси тұрақтылық сақталған. Тіпті, бүгінде Қазақстан ғаламдық конфессияаралық орталығына айналды. Оған дәлел 2003 жылы Астанада әлемдік дін  өкілдерінің алғашқы сьезінің өткізілуі.. Сол жолы мұндай шараны елімізде әр үш жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Айдана ДАСТАН  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар