АҚЫНДАРДЫҢ АЛАМАН АЙТЫСЫ

16:37, 18 қыркүйек 2019

Қарағандыда Халықаралық ақындар айтысының алғашқы күні басталды. Онда Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Қырғыз елінен келген 18 ақын бақтарын сынауда. Жыр додасы - ақиық ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған. Ақындар алғашқы күннен бастап-ақ қоғамдағы бірқатар мәселені жырына арқау етті

Қазақ өнерінің , соның ішінде айтыс өнерінің алыптары алдымен, қарағандылықтардың қошеметіне бөленіп, қызыл кілеммен жүріп өтті.  Бұл сәтте ақындар дайындықтарын тағы бір пысықтап, жыр бәйгесіне қатысуға дайындалып жатқан. Қырғыз бен Қытайдан келген бауырларымыз қазақстанда айтыс өнері ерекше дамығанын айтып, Сәкеннің өмір жолын жіті білетіндерін байқатты.

Женишбек ТОКТОБЕКОВ, Қырғыз елінің ақыны:

-Барлығы таныс ақын, бүгін де тамаша айиыс болады деп ойлаймын. Қазаққа шоң жол салған адам екен Сәкен. Қырғыз деп жүргенде Қазақ атын қайтарған екен.

Бүркітқазы ӘДІЛБЕК, Қытай халық республикасының ақыны:

-Биыл екінші жыл, қазақ топырағына кеп, додаға қатысып жатырмын. Қазақ руханияты Қарағандыға келгеніме қуаныштымын.

Алдымен сөз алған аймақ басшысы Ерлан Жақанұлы да жыр сүлейлерінің арқасын қара сөзбен қағып қойды. Ақындар айтысына қолдау білдіргеніміз – Қарағандылықтардың саф өнерді қастерлей білетіндігінің белгісі - деді ол.   

Ерлан ҚОШАНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

-Халық үшін айтыс ол сенім. Халық басқаға сенбеуі мүмкін бірақ ақынға сенеді. Себебі ақынның ар ұяты көбінесе халықпен ұштасады. Мен ақындарды қыран бүркітке теңер ем, себебі оларда қыран сынды жоғарыдағыны көреді. Тауықтың көрмегенін бүркіт көреді.

Айта кетуіміз керек, бұл айтыс - Нұр Отан партиясының және облыс әкімдігінің тікелей қолдауымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп отыр. Суырып салма ақындардың сөздерін, әділ бағалайтын қазылар алқасының құрамында , қазақ руханиятының белді өкілдері бар. Ақындар сахна төрінде Сәкендей серінің адамгершілік қасиеттерін ардақтап, жырдан шашу шашты!.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ, тілші:

-Айтыстың көшін бастап жүрген ақын Жүрсін Ерман, Қарағандылық көрермен айтыстың ең адал әрі ең шыншыл көрермені деп өз бағасын берді. Мына, С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының екі бірдей залында ине шаншар орын жоқ. Атап өткен жөн, халықаралық айтыстың екінші бөлімі ертең сағат 18:00- де жалғасатын болады!

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар