АҚЫЛЫ КӨЛІК ЖОЛЫ

14:56, 6 желтоқсан 2018

Келер жылдан бастап «Астана-Теміртау» бағытындағы республикалық тас жолы ақылы болмақ. Бүгінде төлем қабылдайтын бақылау-өткізу бекеті орнатылып, тексеру құрылғылары сынақтан өткізілуде.

Бұл «Теміртау-Астана» бағытындағы басты тас жолының ара қашықтығы 134 шақырым. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша замануи үлгіде салынған автокөлік жолы қаңтар айынан бастап ақылы болмақ. Автокөлік иелерінен төлем қабылдайтын бақылау-өткізу бекеттері бұл бағытта екі нүкте бойынша орналасқан. Оның бірі Елорданың шыға беріс участкесінде болса, екінші Теміртау шаһарына кірер басты жолға қойылған. Барлық жабдықтар автоматты басқару жүйесімен қызмет етпек. Аталмыш жоба құны 2,5 миллиард теңгені құрайды. Әзірге, бекітілген талап бойынша қажетті шаралар жүргізіліп, тек жол құнын анықтау  ғана қалып отыр.

Айбол ТҮСІПБАЕВ,   «ҚазАвтоЖол» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

-Ақылы жолдың құны толық шешілмеді. Бұл  келісімді қарастырып отыр. Желтоқсан айының соңына дейін бәрі белгілі болады. Сосын, қаңтар айының басынан бастап ақылы түрде жол қатынасын бастайды.

Жалпы, 2020 жылға дейін елімізде 6 мың шақырым күре жол ақылы болмақ. Транзитті машиналарды қосқанда бұл бюджетке 30 миллиард теңге пайда түсіреді деген жоспар бар. Қазынаға түскен қыруар қаражаттың бір бөлігі жолдың күтіміне жұмсалмақ.  Шенеуніктердің сөзіне сенсек, әзірге Астана-Бурабай бағытындағы ақылы жол өзін толық ақтап үлгерген.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...