АҚТОҒАЙ АУДАНЫ. ТУҒАН КҮНІҢМЕН, СҮЙІКТІ ҚАЛАМ!

19:20, 6 шілде 2019

Еңселі Елорда күні Ақтоғай ауданында айрықша сән-салтанатпен мерекеленді.Өлкеде сұрапыл соғыста қаза тапқан батыр бабалар мен Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне мемориалдық кешен ашылды. Атаулы датаға орай шаттықты шаралардың шымылдығы түрілді. Ауданның дамуына аянбай атсалысып жүрген азаматтар марапатталды. Шағын футболдан турнирдің жалауы желбіреді

Нұр-Сұлтан қаласының күні -Ақтоғай ауданында елең еткізер ерекше жаңалыққа толы болды. Өйткені,  Ұлы Отан соғысында хабарсыз кеткен боздақтар мен Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан батырларға арналып мемориалдық кешен ашылды.Салтанатты рәсімге жергілікті билік пен қайсар рухты қаһармандардың ұрпақтары және туған-туыстары жұмыла жиналды. Олар жауынгер-интернационалистер мен майдангерлердің рухына тағзым етіп, алқызыл гүл шоқтарын қойды.

Салтанат ӘБЕУОВА,   Ақтоғай ауданының  әкімі:

-Елорда жаңа жобалар дамытатын және жаһандық ашық пікір алаңына айналды. Алып мегаполистің күннен –күнге келбеті келісіп келеді.Бас шахарымыз жарқырап, жайнай берсін

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аяында жүзеге асырылған жобаның жалпы құны 22 миллионды құрайды.Елдіктің белгісін айқындайтын мемориалдық кешеннің гранит тақтайшаларына ерлігі ескірмейтін ерлердің есімі екшеп жазылған. Мұны бүгінгі ұрпаққа берер тағлымы мол.Тарихи орынның аумағы темір қоршаумен қоршалып, айналасы  аббаттандырылыпты.

Жанғали  ҚЫЗЫЛБАЕВ,  зейнеткер:

-Мемориалдық кешен арқылы жас ұрпақ батыр бабаларының ерлігімен тереңірек танысатын болады.Ақтоғай жақсы дамып келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын

Еңселі Елорданың туған күнінде бірқатар азаматтардың еселі еңбегі мен ерен ерлігі  еленді. Қазақстан Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің «Сауап» медальімен Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова марапатталды. Сонымен қатар ел ағалары мен аяулы асыл аналар  «Батыр шапағаты және «Ана жүрегі» атты медальдармен ұлықталып, Алғыс хаттарға ие болды.

Шәрбән БЕКМАҒАНБЕТОВА, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

-Менің ұлымды еске алғандараны үлкен рахмет.Аналық жүрегіммен алғыс айтамын.Жастарымыз өсе берсін.Еліміздің еңсесі биік болсын

Сәні келіскен салтанат соңы «Асқақта,  ажарлы - Елордам» деген мерекелік шарамен жалғасты. Тағлымға толы театрландырылған қойылымдар мейрамының көркін қыздырды.Жергілікті өнерпаздар шырайлы шахарды әспеттейтін әсем әндерден шашу шашты. Ауған соғысының ардагерлеріде  жас буынннан қалыспады. Таланттарымен таңқалдырды. Осы күні  Орталық  стадионда футболдан   Еркебұлан Төлегеновті еске алуға арналған турнирден сайыс ұйымдастырылды. Ақтоғайлықтар осылайша арайлы  арман қаланың  айбынын асырып, айдыныны тасытып атап өтті.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар