АҚТОҒАЙ АУДАНЫ. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

19:18, 22 наурыз 2019

Ақтоғайлықтар да Ұлыстың Ұлы күнін айрықша атап өтті. Түрлі тарихи тақырыптарды қамтыған қойылымдар мен спорттық ойын сайыстары дала тойын дүбірге бөледі

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Ақтоғайлық ағайын биыл Наурыз мейрамын  «Ұлы даланың-Ұлы күні» атты  театрландырылған көрініспен бастады. Сүйіншілеген ағайын ауылдың ажарын ашқан ақшаңқан кйіз үйлерге өарай бет алып,  әз-Наурыздың көш керуенін қарсы алды. Көштің басын ұлттық құндылықтарымыз бен дала өркениетін паш еткен  Алтын адам бастап келеді. Оның бірден бір себебі, Алтын адам бейнесін  өңдеп,   Тәуелсіздік  символына  айналдырған жерлестері       Қырым  Алтынбеков  екенін ақтоғайлықтар қашан да мақтан  тұтады.

Дала халқының дара байлығын ұлықтап,  асқақтатқан  орталық алаң мерекеге сай безендірілген. Ұлыстың   ұлы   күні    Наурыз   көшін жалғастырған  Ұлы  Жібек  жолы  көрінісі   де көпті таңғалдырды. Қазанын аққа, ажарын  баққа толтырған мерейтойда ақ баталар толассыз төгілді.    Алғаш болып, мерекелік құттықтауды  Салтанат Әбеуова  білдірді.

Салтанат ӘБЕУОВА, Ақтоғай ауданының әкімі:

-Бүгінгі күн мен түн теңесетін мейрам орыны рекеше.

Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейінгі қазақтың ұлан-ғайыр кең даласын қызғыштай қорғаған батыр бабаларымыз, түбі түркі, түлігі жылқы мінген елдің сал серілерілері де ерекше көрініс қойды  Ұлы думанның дүбірін  шартарапқа таратқан ақтоғайлықтар суырылып шығып, ат үстінде мықтылықтарын да дәлелдеді.

Ұлы даланың жеті қырында аталып өткен кең байтақ ел алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» ортасында Көктем ару мен желмаясына мінген Қыдыр атада құт әкелді. Қызғалдағы жайқалып, қыстың бетін қайтарған  көктем мерекесінде  Ақтоғай жұртына ыстық бауырсақ таратылып,  150 литрден астам Наурыз көже үлестірілді.

Айнагүл ЖОЛДАСОВА, Ақтоғай ауданының тұрғыны:

-Міні таң сәріден осында ыстық бауырсақ пісірудеміз. Барлық мерекені көңілді өткізуге атсалысудамыз.

Ұлы тойдың төріндегі жұрт майдан даласында ерліктің асқақ үлгісін көрсеткен Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың да 100 жылдығын атап өтті. Ал, ақшаңқан киіз үйлердегі көрмелер көпті тың жәдігерлермен таңғалдырды. Осы орайда, Наурыз мейрамы күні  аудан әкімі бастаған топ кішкентай ұлдың тұсауын кесті. 

Ұлыстың Ұлы күні ауданның спортшылары да қарап қалмады. Асық ату, кір тасын көтеру мен арқан тартыстан бөлек, қой көтеру мен иық тіресуден мықтылар анықталды. Оннан астам ұлттық ойында тартысқа түскен ақтоғайлықтардың қуанышы шексіз.

Мейірхан ОҢҒАРҚҰЛҰЛЫ, аудан тұрғыны:

-Ауданда мереке керемет тойлануда. Барлық мүмкіндіктер жасалуда.

Ерсін САБЫР, аудан тұрғыны:

-Көже тараталып, бауырсақтар ыстық беріп, халықтың көңілі көтерілуде. Күн ерекше өтуде.

Аудан әкімдігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға мен көпбалалы отбасыларға да ақ дастархан жайып, Әз Наурыздан тек жақсылықтар тіледі. Жалпы, мерекелік кеш таң сәріден күн ұясы батқанша жалғасып, дүйім жұрт Ақтоғай төрін дүбірге бөледі.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар