АК 159/9 түзеу мекемесіне - 80 жыл

16:54, 7 тамыз 2017

Өзінің мерейтойлық датасын мекеме айтарлықтай атап өтті. Бұл аймақтағы қылмыстық жазасын өтейтін әйелдерге арналған жалғыз түрме екенін атап өткен жөн

АК 159/9 әйелдер түзеу мекемесінде қызу тірлік тынған емес. Нәзік жандылар мерзімін өтеу барысында арнайы киімдер тігеді, сурет салады. Заң бұзушылыққа жол бергендер арасында жазасы жеңілдегендер де кездеседі. Көксу кентіндегі түрме сонау  Сталин заманында құрылып, 60-ыншы жылдары әйелдер түрмесі болып ауысқан болатын. Қатаң бақылау мен тұрақты тәртіптің арқасында мерзімін өтеушілер жіті назарға алынған.

Оксана ЛАПТЕВА АК 159/9 түзеу мекемесі басшысының орынбасары

Жазасын өтеушілер арасында қашуға талпыныс әрекеттері ешқашан орын алмады. Алаяқтық пен нашақорлық, адам өлтіруге әйелдер қауымы жиі ұшырап жатады.

Шалыс басқандардың жазасы өтелетін түрмелер бүгінде қалыпты жағдайда, - дейді мамандар. Мерзімін өтеушілер қолдары қалт етсе ән айтады, шығармашылық ізденістермен қатар, ақылы еңбекпен де айналысуға бар мүмкіндік қарастырылған. Олар темір тордың ар жағынан тезірек шығуға тырысады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...